Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

29 ақпан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2020 жылдың 28 ақпан 2020 20:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» ХАА 29 ақпан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын оқырман назарына ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

11.00-де Назарбаев Университетінде ҚР қазақ күресі федерациясы, Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы және Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының біріккен конгресі өтеді.

11.00-де Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен славян халықтарының дәстүрлі «Масленица» мерекесі өтеді.

12.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша қоғамдық тыңдау өтеді.

АЛМАТЫ

11.00-де Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында коронавирустың таратпау ойынша қабылданған шаралар туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова.

15.00-де Республика сарайында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының пациенттеріне арналған «Қуаныш бөлеу - оңай» гала-концерті өтеді.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай