Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

29 наурыз күнгі ауа райы болжамы

2020 жылдың 29 наурыз 2020 03:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 29 наурыз күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты шығыс, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Республика бойынша тұман, екпінді жел сақталады. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с артады.

Түркістан облысында таңертең және күндіз, Атырау облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 15-20 м/с артады.

Қызылорда облысында, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл болжанады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарын тұман басады.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай