Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

3 қаңтар. Туған күн иелері

2020 жылдың 3 қаңтар 2020 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 3 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

120 жыл бұрын (1900-1974) ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстандағы ортопедиялық-травматология негізін салушылардың бірі Григорий Львович ЭДЕЛЬШТЕЙН дүниеге келді.
Ұлы Отан соғысына қатысқан. Украинаның Днепропетровск облысында туған. Ресейдегі Томск мемлекеттік университетін бітірген. 1958 жылдан Қазақстанда тұрып, Алматы мемлекеттік медицина институтының кафедра меңгерушісі, Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің бас травматологы болған. 1964-1974 жылдары Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институты травматология және ортопедия кафедрасының меңгерушісі, ғылыми кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Негізгі ғылыми еңбектері сүйек пластикасы (өз сүйегін өзіне, сондай-ақ өзгенің сүйегін жамау) мәселелеріне арналған.




57 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Дмитриевич КАЛАЙЧИДИ дүниеге келген.

Ол Фрунзе политехника институтын (1985); КСРО ІІМ Жоғары курсын (1990); Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (2008) бітірген.

Еңбек жолы: Қырғыз КСР Тоқмақ қаласы №93 арнайы басқармасының шебері, Шымкент қаласындағы мемлекеттік жобалау институтының инженері (1985 жылдан); Шымкент облысы Абай АІІБ қылмыстарды іздеу жедел өкілі (1990 жылдан); Оңтүстік Қазақстан облысында және ІІМ орталық аппаратында инспектор, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы; ІІМ заң қызметін, сондай-ақ жеке құрам жөніндегі инспекциясын басқарған (2005-2006); Жамбыл облыстық ІІД бастығының тәрбиелік және кадрлармен жұмыстар жөніндегі орынбасары (2006-2008); ҚР Президенті әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлім меңгерушісінің орынбасары (2008-2016); Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің құқық қорғау жүйесінің бөлім меңгерушісі (2016-2019).

Қазіргі лауазымын 2019 жылғы қаңтарынан бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен (2012); 5 мерейтойлық медальмен марапатталған.




55 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Алмасұлы ӘЗІЛХАНОВ дүниеге келген.

Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін емдеу ісі (1988) мамандығы; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын құқықтану мамандығы бойынша (2000) бітірген.

Еңбек жолы: Қызылорда қаласында дәрігер-хирург, (1988-1992); Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарды (1992-2011); Қазақстан Республикасы Дін істері жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары (2011-2013); Қазақстан Республикасы Дін істері жөніндегі агенттігінің төрағасы (2013-2014); Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрі (2014-2016); Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы (2018-2019).

Қазіргі лауазымын 2019 жылғы сәуірден бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен (2016); ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызмет үшін» (2003), ІІ дәрежелі «Мінсіз қызмет үшін» (2007), «Жауынгерлік ерлігі үшін» (2009), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) медальдарымен; Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған (2001). Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты берілген (2010).


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай