Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

3 мамыр күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 2 мамыр 2019 19:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 3 мамырда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 10.00-де «Атамекен» ҰКП қолдауымен салтанатты түрде «Жас Қанат» жас кәсіпкерлер кеңесінің таныстырылымы өтеді.

Сағат 10.00-де Астана қаласы Медицина университетінің ғимаратында «Парыз мейірбикелері» Республикалық қоғамдық бірлестігі Халықаралық мейірбике күніне арналған салтанатты шара өткізеді.

Сағат 10.45-де Ішкі істер министрлігі Сейфуллин, Байтұрсынов, Жандосов, Майлинге қатысты архивтегі қылмыстық істердің, сондай-ақ мұрағаттық қылмыстық істерді, сондай-ақ, репрессияланған тұлғалардың мұрағаттық қылмыстық істері материалдарын ұсынатын бірегей «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» көрмесін ұйымдастырады.

Сағат 11.00-де Динара Сәдуақасова атындағы Шахмат академиясында Жеңіс күніне және Отан қорғаушылар күніне арналған шара өткізіледі.

Сағат 11.00-де Ұлттық баспасөз клубында «Интернеттегі кассалық машиналарға көшіру туралы Қаржы министрлігінің бұйрығы Қазақстандағы қоршаған ортаға қалай әсер етеді" тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «XII Астана экономикалық форумы - Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбына арналған баспасөз-конференциясы өтеді.

Сағат 15.00-де Ұлттық бюрода брифинг басталады.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ғылыми кітапхана залында «Отан қорғаушылар» күніне байланысты «Ерлік дастаны - елдің ұраны» атты дөңгелек үстел өткізіледі.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Facebook-дегі парақшасында онлайн-режимде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г. Исаева «Бір белдеу - бір жол» атты екінші форум аясында Қытай Халық Республикасына сапармен барғаннан кейін қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау туралы қол жеткізілген келісімдер туралы әңгімелейді.

Сағат 16.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында академик Зәки Ахметовке арналған «ҒАЛЫМДАР және ХАТТАР», «УЧЕНЫЕ и ПИСЬМА» атты кітаптың тұсаукесері өтеді.

Сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттары Үкіметі арасындағы консулдық артықшылықтар мен иммуниттер туралы келісімге қол қою рәсімі өтеді.


АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайы «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп «Арт Базар - Жібек жолы» халықтық қолөнер көрмесі-жәрмеңкесін ашады.

Сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайында «Іздейтін уақыт» атты мерейтойлық көрменің ашылуы болады.

ТҮРКІСТАН

Сағат 11.00-де Turkistan Media орталығында ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Мұсабек қажы Ақтамберді қасиетті Рамазан айына байланысты баспасөз мәслихатын өткізеді. Брифингте Ораза тәртібі, ережелері таныстырылып, Үндеу жарияланады.

Сағат 15.00-де Turkistan Media орталығында Қазығұрт ауданындағы 2018 жылы атқарылған жұмыстар мен ағымдағы жылы қолға алынар жобалар жайлы брифинг өтеді. Спикер: Аудан әкімі - Телғараев Төлеген Тұртайұлы.

Сағат 16.00-де Түркістан - адалдық алаңы жобалық кеңсесінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ғанижан Асанұлы мен полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдіғани Сейдуалиев құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бағытында атқарылған жұмыстар бойынша брифинг өткізеді.


ШЫМКЕНТ

Сағат 14:00-де қалалық кардиологиялық орталықта қазақстандық танымал дәрігер әрі кардиохирург Юрий Пя Шымкентте жүрек ақауына шалдыққан азаматтарға жаңа тәсіл арқылы күрделі ота жасайды. Білікті маманның жетекшілігімен өтетін операция қалалық кардиология орталығында өтеді. Операция нәтижесі туралы кардиохирург Юрий Пя журналистер үшін арнайы өткізілетін баспасөз конференциясында айтып береді.

АҚТӨБЕ

3 мамырда сағат 11.00-де «Анаға тағзым» орталығында Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалиннің өңірдегі үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуі өтеді. Кездесу барысында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының, үкіметтік емес ұйымдардың тұрғындармен жұмыс проблемасы мен перспективалары талқыланады.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай