Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

3 тамыз. Туған күн иелері

2019 жылдың 3 тамыз 2019 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 3 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




45 жыл бұрын (1974) «Тәуекелдерді бағалау тобы» сараптамалық, консалтингтік ұйымының (KRAG) құрылтайшысы және директоры Досым Асылбекұлы СӘТПАЕВ дүниеге келді.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін саясаттанушы, саясаттану оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: «Саясаттану зерттеулерінің орталығы» үкіметтік емес студенттер ұйымының вице-президенті (1993-1996); «Деловая неделя» газетінде саяси шолушы (1995-1997); Қазақстан даму институты саяси зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері, «Саясат» ғылыми-сараптамалық журналының жауапты редакторы (1997-2000); «Новое поколение» газетінде саяси шолушы (1998-2005); Британ институтының Қазақстандағы өкілдігінің директоры (2000-2003); Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігі директорының орынбасары (2000-2002); Қоғамдық мәселелерді талдау орталығының жалпы мәселелер жөніндегі директоры (2001-2002); «Сорос-Қазақстан» қоры басқарма мүшесі (2005-2010).




34 жыл бұрын (1985) танымал боксшы Ғани ЖАЙЛАУОВ дүниеге келді.

Қызылорда облысы Арай кентінде туған. ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан Республикасының намысын қорғады. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2009 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2010 жылы студенттер арасында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2011 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай