Ауа райы
Нұр-Сұлтан 5 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

31 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 30 қаңтар 2019 19:30 852

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстанда бейсенбі, 31 қаңтарда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының кезекті отырысы басталады.

10.00-де Астана қаласының сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтеді.

11.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында брифинг өтеді.

11.40-де «The Ritz-Carlton» қонақ үйінде Дэвис Кубогының жеребесі тасталады және Қазақстан мен Португалия командаларының баспасөз мәслихаты өтеді.

12.00-де Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Астанадағы №71 мектеп-лицейге барады.

13.45-те №72 орта мектепте ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті Астана әкімдігімен және «Еркін адамдар» Қорымен бірлесіп, синтетикалық есірткі мен «дәріханалық» нашақорлық мәселесі жөнінде кездесу өткізеді.

14.00-де № 62 лицейде Астана қаласының жалпы білім беретін мектептеріндегі тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасарларына есірткілік заттармен күрес туралы дәріс оқылады.

15.00-де ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің төрағалығымен ҚР Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өткізіледі.

15.00-де Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының фойесінде  «Қысқы ертегі» атты жас суретшілердің қалалық конкурсының қорытындысы бойынша балалар шығармашылығының көрмесі ашылады.

15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханада жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әнес Сарайдың «Еділ-Жайық» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтеді.

18.00-де М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетінде Қазақстандағы Франция Елшілігі, Астана қаласының Француз альянсы және аталмыш университет ұйымдастырған ОЙ-ПІКІРЛЕР ТҮНІ өтеді.

 

АЛМАТЫ

11.00-де InterContinental Almaty қонақ үйінде Түркі Кеңесінің Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша жауапты министрлерінің үшінші отырысы өтеді.

19.00-де Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің концерт залында атақты дирижер, Қырғыз Республикасының халық әртісі Бақтыбек Тілегеновтың «Қазақ-қырғыз тартуы» атты шығармашылық кеші өтеді.

 

ТҮРКІСТАН

11:00-де Түркістан облыстық Кәсіпкерлер палатасында өңірлік кеңестің отырысы өтеді. Жиында Түркістан қаласы бас жоспары таныстырылып, сондай-ақ Кәсіпкерлер палатасының алдағы жоспарлары айқындалады.

КӨКШЕТАУ

11:00-де Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Шортанды ауданының әкімі Гүлнұр Сәдуақасова өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018 жылғы қорытындылары және алдағы жоспарлары туралы брифинг өткізеді.

Автор: Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай