Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

4 тамыз. Туған күн иелері

2019 жылдың 4 тамыз 2019 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 4 тамыз күні тұлғалардан кім дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




62 жыл бұрын (1957) Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Серікбекұлы ОРЫНБЕКОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Қазақ политехникалвық институтын (инженер-электрик) және Агротехникалық институтты (экономист-бухгалтер) бітірген.

1979 жылдан - №110 Қаратау кәсіптік-техникалық училищесінде оқытушы, өндіріс шебері, директордың орынбасары. 1992-1993 жылдары - «Қаратау» қауымдастығының бас директоры. 1994-1997 жылдары - «Бірлік» кәсіпорнының директоры. 1997-1998 жылдары - «Жамбылавтожол» коммуналдық кәсіпорнының жетекші маманы. 1999-2003 жылдары - Қаратау қаласы әкімінің орынбасары. 2003-2010 жылдары - Талас ауданы Қаратау қаласының әкімі. 2010 жылы - Сарысу ауданының әкімі. 2010-2013 жылдары - Жамбыл облысы Тараз қаласының әкімі.

Қазіргі қызметінде - 2013 жылғы желтоқсаннан бері.

Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай