Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

5 сәуір күнгі ауа райы болжамы

2020 жылдың 5 сәуір 2020 01:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5 сәуір күні республиканың басым бөлігінде ауа ағынының өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, тек шығыста және оңтүстік-шығыста ауа райы ашық, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында түнде және таңертең найзағай жарқылдайды, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Ақмола облысында кей жерлерде найзағай, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысында күндіз кей жерлерде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі.

Басты сөздер: Аймақ, Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай