Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

6 қараша. Туған күн иелері

2019 жылдың 6 қараша 2019 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 6 қарашаға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




56 жыл бұрын (1963) Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы ОРАЗАЛИН дүниеге келді.

1985 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын, 1991 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1985-1986, 1987-1988 жылдары – Ақтөбе педагогикалық институтының оқытушысы. 1988-1990 жылдары – Ақтөбе педагогикалық институтының комсомол комитетінің хатшысы. 1990-1993 жылдары – жарнамалық ақпараттық-коммерциялық агенттіктің бөлім бастығы. 1993-1999 жылдары – «Банк «Рика» ААҚ басқарма төрағасы. 1999-2000 жылдары – «Облтрансгаз» ЖАҚ, «Ақтөбегаз» ЖАҚ басқарма төрағасы. 2000-2003 жылдары – Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының әкімі. 2003-2004 жылдары – Ақтөбе облыстық сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасының бастығы. 2004-2005 жылдары – Ақтөбе облысы ішкі саясат департаментінің директоры. 2005-2006 жылдары – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісінің орынбасары. 2008 жылдың наурыз бен қазан аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және кадрлық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары. 2008-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі (2014-2017); Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары (2017-2019).

Қазіргі қызметін 2019 жылдың ақпанынан бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен (2008) және 3 медальмен марапатталған.




45 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Мальтадағы, Сан-Маринодағы (2016 жылдан бері) Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Сергей Нұртайұлы НҰРТАЕВ дүниеге келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің үшінші хатшысы, 2002-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің үшінші хатшысы, 2004 жылдың наурыз айынан Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы болып қызметтер атқарған. 2007 жылдан - Қазақстан Республикасының Грекия Республикасындағы істері бойынша уақытша сенімді өкілі. 2015 жылдың қыркүйегінен қазіргі қызметінде.




45 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі Нұржан Өтепбайұлы ЖОЛДАСБЕКОВ дүниеге келді.

Ол қазіргі Түркістан облысында дүниеге келген. 1997 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы бұрынғы Шымкент облысы Киров аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің әлеуметтік жұмысшысы ретінде бастаған. 1992-1993 жылдары Шымкент облысы «Жидек» шаруа қожалығының жұмысшысы, 1997-1999 жылдары СҚО Әділет басқармасының бас маманы, жетекші маманы, 1999-2000 жылдары ҚР Әділет министрлігі Сот үкімдерінің орындалуы комитетінің Ұйымдастыру-талдау жұмыстары бөлімінің бастығы, 2000-2001 жылдары ҚР Әділет министрлігі Сот үкімдерінің орындалуы комитетінің Атқарылу өндірісі мен приставтар жұмысын қамтамасыз ету басқармасының бас маманы болған. 2001 жылы ҚР Жоғарғы сотында бөлім бастығы, 2001-2004 жылдары ҚР Президент Әкімшілігі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас эксперті, консультант, 2004-2012 жылдары Астана қалалық №2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы, төрағасы болып қызмет еткен. 2012-2015 жылдары Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы болған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы (2016 жылдан бері).

Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай