Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

6 мемлекетте ғана әйел мен ерлердің еңбек құқығы тең - Дүниежүзілік банк

2019 жылдың 6 наурыз 2019 21:33

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік банк бүкіл әлем бойынша тек алты мемлекет әйелдер мен ерлердің еңбек құқығына заң жүзінде теңдік бергенін хабарлады. The Guardian басылымының айтуынша, бұл тізімде Швеция мен Франция көш бастаған. Одан кейін Бельгия, Дания, Латвия, Люксембург тұр.

Дүниежүзілік банк жарилаған «Әйелдер, бизнес және заң» атты баяндамада 187 мемлекеттегі гендерлік жағдайға талдау жасалған. Басылымның хабарлауынша, он жыл бұрын әлемде ешбір мемлекет әйелдер мен ерлердің заңдық құқығын теңестірмеген.

«Баяндамада зерттеу сегіз көрсеткіш бойынша жасалған. Оның ішінде әйелдердің еңбек етуіне әсер ететін экономикалық шешімдер, қозғалыс еркіндігі, зейнетақы алуы, кәсіпкерлік немесе жұмысқа орналасудағы құқықтар қарастырылған», деп жазады автор.

Автордың айтуынша, гендерлік теңдік жаһан халқының жартысы әйелдерді құрайтын әлемде экономикалық өсімнің маңызды бөлігі саналады.

Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: БАҚ, Әлем,
Жоғары қарай