Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

6 өңірдегі Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне жаңа басшылар тағайындалды

2020 жылдың 14 ақпан 2020 10:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен бірнеше өңірде Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы болып әділет подполковнигі Шәмшиев Алмас Абжанұлы;

Алматы облыстық департаментіне әділет подполковнигі Әбдікәрімов Серік Жақсылықұлы;

Алматы қаласының департаментіне әділет подполковнигі Қанатбеков Дархан Тұрсынұлы;

Батыс Қазақстан облыстық департаментіне әділет подполковнигі Ізтілеуов Азамат Әбдіғалиұлы;

Қарағанды облыстық департаментіне әділет подполковнигі Такешов Ғазиз Әбікенұлы;

Солтүстік Қазақстан облыстық департаментіне Ахметжанов Рустан Серікұлы тағайындалды.

«Тағайындалған басшылар бұған дейін облыстардың Қылмыстық атқару-жүйелерінде басшылық қызметтер атқарған және пенитенциарлық жүйеде көпжылдық тәжірибеге ие екендігін айта кету керек», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 13 ақпан күні ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы ауысты. Ведомствоның жаңа басшысы - Жанат Болатұлы Ешмағамбетов.


Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: ҚР ІІМ, Тағайындау,
Жоғары қарай