Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 15,7 мың өтінім мақұлданды

2020 жылдың 20 ақпан 2020 19:42

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «7-20-25» бағдарламасы бойынша несие алуға 26 618 өтінім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 13 ақпандағы жағдай бойынша несие алуға 301,6 млрд теңге сомасына 26 618 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 180,2 млрд теңге сомасына қарыз беруге 15 724 өтінім мақұлданды», делінген хабарламада.

Аталмыш бағдарлама бойынша сұрақтарға «Баспана» ипотекалық ұйымы + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы жауап береді.

Еске салайық, 7-20-25 бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тұрақты кірісі бар және өтініш беру кезінде жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматы ала алады. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына - 7%. Ипотекалық несие бойынша бастапқы жарна - 20% бастап. Несие мерзімі - 25 жыл.


Жоғары қарай