Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

«7-20-25» және «Баспана хит» бойынша ипотека төлемі 90 күнге шегерілді

2020 жылдың 25 наурыз 2020 13:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкі халықтың қаржылық ахуалын жақсарту үшін «7-20-25» және «Баспана-хит» бағдарламасына өзгеріс енгізді, деді ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық банктің хабарлауынша, елде ТЖ енгізілуіне байланысты жұмысынан айрылған клиенттерге негізгі қарызды төлеуді кейінге шегеруге 90 күн мұрсат берілді.

Осы уақытта оларға айыппұл және өсім саналмайды.

«Банктерге әр мәселені жеке шешу үшін барлық шараны қабылдау керек болып тұр. ТЖ кезінде қиын жағдайда қалған клиенттер үшін төлем тетігі өзгереді. Бұл өзгерістердің барлығы несие алушының несие тарихына енгізілмейтін болады», - деді Ұлттық банктен.

Несие алушылар үшін бұл уақыт 16 наурыздан, яғни ТЖ енгізілген күннен бастап саналады.


Жоғары қарай