Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

7 қараша. Туған күн иелері

2019 жылдың 7 қараша 2019 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 7 қарашаға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




143 жыл бұрын (1876-1934) қазақ зиялыларының бірі, Алашорда үкіметінің мүшесі, қазақтың тұңғыш заң магистрі Жақып АҚБАЕВ дүниеге келген.

Семей облысы, Қарқаралы уезі, Берікқара болысы, №3 ауылының Төңіректас деген жерінде дәулетті отбасында туған. 1886 жылы Қарқаралы қаласындағы қазақ интернатында оқып, 1889 жылы Омбы гимназиясына түсіп, онда 7 жыл, онан кейін Томск гимназиясына ауысып, онда бір жыл оқып, 1898 жылы бітіріп шығады да, Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне түседі. 1903 жылы І дәрежелі дипломмен бітіріп шығады. ЖОО-да оқып жүргенде ілім-білімнің әр саласын меңгеруге талаптанады. Адамның есте ұстау қабілеті мен фактілерді екшелеудің әдіс-тәсілдерін жете меңгеру үшін Одесса қаласындағы мнемоника профессоры С.Файнштейннен дәріс тыңдауға және Санкт-Петербургтегі Археология институтына оқуға түсуге университет басшыларына өтініш те жазады. Мемлекеттік сынақ комиссиясында «Қазақтардың некелік құқығы» атты тақырыпты қорғауға бекітіп алады. Кейін осы тақырыпты түрмеде отырғанда ары қарай жалғастырып, кеңейтіп, 1907 жылы Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің жазбаларында жариялайды. ЖОО бітірісімен Омбы сот палатасына қызметке тұрады. 1905 жылғы тамызда Омбы қаласындағы 2-учаскенің бітімші соты болады.

Кеңес өкіметі орнаған соң ол Семей губревкомының заң бөлімінде жұмыс істеп, оның «етене араласуымен губерния бойынша сот-тергеу учаскелері құрылады». Біраз уақыт Семей кеңестік халық сотының мүшесі болады, Қарқаралы уездік халыққа білім беру бөлімінде және Семейде әр түрлі қызметтер атқарады. Ақбаев басқа да Алаш қайраткерлері сияқты сталиндік зобалаңға түсіп, Воронежге жер аударылып, ол жақтан ауруына байланысты елге қайтарылып, 1934 жылы 4 шілдеде Алматыда қайтыс болады.




68 жыл бұрын (1951) Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек АБДРАХМАНОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында туған. 1975 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген. 1975-1987 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, редакциялық алқа мүшесі болды. 1987-1995 жылдары Қазақстан КП Орталық Комитетінде нұсқаушы, мәдениет секторының меңгерушісі, ҚР Президенті және Министрлер кабинеті аппараттарында Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 1995-1997 жылдары Мәдениет министрінің бірінші орынбасары, 1997-2000 жылдары «Қазақстан телевизиясы мен радиосы» республикалық корпорациясының бірінші вице-президенті, 2000-2003 жылдары «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ашық акционерлік қоғамының президенті, 2003-2004 жылдары ҚР Ақпарат министрі болып қызмет атқарған. 2004-2016 жылдары «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ашық акционерлік қоғамының президенті.

Қазіргі қызметінде 2016 жылдың наурызынан бері.

«Біздің Пушкин», «Тәуелсіздік шежіресі», «Адамзат күнтізбесі», «Елдік сыны», «Вер бана ат», «Коран и Пушкин», «Төлтума мен телтума», «Перевод поэзии и поэзия перевода» кітаптарының, «Париж. ЮНЕСКО. Әуезов», «Қажылық», «Ертегілер еліндегі екі күн», «Мадридтегі мереке», «Мәңгілік мұрат», «Армысың, Астана!», «Биіктік» фильмдерінің авторы. Қырыққа жуық көркем фильмді қазақшалап, В.Солоухиннің, Д.Кабалевскийдің шығармаларын, арабтың Бейбарыс сұлтан туралы романын, В.Гюгоның «Аласталғандарын» (ІІ кітап) аударған.

«Жиырмасыншы ғасыр жырлайды» атты қос томдық қазақ поэзиясы антологиясының құрастырушы авторы. ҚР еңбек сіңірген қызметкері, Журналистика саласындағы Президент сыйлығының лауреаты. Б.Бұлқышев атындағы Жастар сыйлығының (1981), Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының (1982) лауреаты, «Жыл журналисі» (2006) атағын алған. Филология ғылымының докторы. «Парасат» орденінің иегері, Ресей сөз өнері академиясының «Ревнителю просвещения» медалімен, Украинаның «За працю і звитягу» («Ерлігі мен еңбегі үшін») медальдарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің мүшесі. 68




жыл бұрын (1951) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Жанат Абдоллаұлы ЖАРАСОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Ф.Э.Дзержинский атындағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғары мектебін бітірген. Генерал-майор. 1973-2000 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында бөлімше бастығы, бөлім бастығының орынбасары, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. 2000-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери қарсы барлау департаментінің бастығы. 2006-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы. 2009 - 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары. 2012-2016 жылдары бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Қазіргі қызметінде - 2016 жылғы наурыздан бері.

«Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі. ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері.




61 жыл бұрын (1958) ҚР Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі Мейрам Кұрмашұлы ЖАНҒҰТТИНОВ дүниеге келді.

Новосібір облысында туған (РФ). Павлодар педагогикалық училищесі, бастауыш сынып мұғалімі (1978); Р.А. Руденко атындағы Свердловск заңгерлік институты, заңгер (1985). Еңбек өтілі: Павлодар облысы Қазақ КСР-іне 10 жыл совхозы орта мектебінің музыка оқытушысы (1978-1979); Павлодар облысы Лебяжі ауданы прокуратурасының тергеушісі (1985-1989); ШҚО Марқакөл прокуратурасының тергеушісі (1989-1990); ШҚО Марқакөл аудандық сотының судьясы, төрағасы (1990-1996); ШҚО облыстық сотының судьясы (1996-2002); ШҚО облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы (2002-2004); Ақмола облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы (2004-2009); Ақмола облыстың сотының судьясы (2009-2010); Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандыррылған ауданаралық сотының төрағасы (2010-2014). ҚР Жоғарғы сотының судьясы (2014-2019).

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың ақпан айынан.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальдарымен; «Ерен еңбегі үшін», «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен; «Үш Би» төсбелгісімен марапатталған.




61 жыл бұрын (1958) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Таймерденұлы ТАЙМЕРДЕНОВ дүниеге келген.

Алматы облысында туған. Талдықорған заң техникумын (1983); әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін (1993) бітірген.

Еңбек жолы: Қастек асыл тұқымды мал зауытының жұмысшысы, слесарі, ҚКП ОК баспасы баспагерінің оқушысы (1977); Алматы облысы Қаскелең аудандық сотының сот орындаушысы, аға сот орындаушысы (1983-1992); Қазақ көлік прокуратурасының кеңсе бастығы - прокурордың көмекшісі (1992-1993); ҚР Бас прокуратурасының Жалпы қадағалау басқармасында көліктегі заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі бөлім прокуроры (1994); Алматы облысы Қаскелең аудандық прокурорының көмекшісі (1994-1995); прокурор, аға прокурор, ҚР Бас прокурорының көмекшісі (1995-1997); Алматы облысы Жамбыл аудандық сотының судьясы (1997-1999); Алматы облыстық сотының судьясы (1999-2000); Алматы облыстық Әділет басқармасының бастығы (2000-2001); ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің төрағасы (2001-2026); ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімгерлігі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары (2006-2007); Алматы облыстық сотының төрағасы (2007-2012); Алматы қалалық сотының төрағасы (2012-2013); Алматы облыстық сотының төрағасы (2013-2019).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылдың сәуірінде кірісті.

«Ерен еңбегі үшін» (2002), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.




60 жыл бұрын (1959) VI шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің мүшесі Құдайберген Төлепұлы ЕРЖАН дүниеге келген.

Жызақ облысында (Өзбек КСР) туған. Алматы Халық шаруашылығы институтын бітірген, экономист.

Еңбек жолы: облыстық нормативтік зерттеу станциясында агроном-экономист (1982); Кеңес әскері қатарында қызметте (1983-1984); Өзбекстан Республикасы Жызақ облысы Фариш ауданы Қызылқұм совхозында бас бухгалтердің орынбасары, Алматы қаласында Геодезиялық зерттеу кәсіпорнының топография-геодезиялық жұмыстары бойынша жұмысшысы, «Казбытрадиотехника» өндірістік бірлестігінің ревизоры, «Гарант» өндірістік бірлестігінің ревизоры, аға ревизоры, «Еңбек» кооперативінің бухгалтері, Алматы қаласы «Ритм» жастар ғылыми-техникалық шығармашылығының Мәскеу аудандық орталығының бас бухгалтері, «Сабаз» КЖК директоры, Алматы қаласының «Центрбанк» банк филиалдарының директоры, «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамының құрылымындағы директоры және төрағасы (1986-2012).

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының үшінші, төртінші және бесінші шақырылымдарының депутаты болып сайланған. 2012-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы болған.

Қазіргі қызметінде 2016 жылдың наурыз айынан бері.

«Құрмет» ордені мен «Шапағат» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астана қаласына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медальдарымен наградталған.




50 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Расылханұлы ЗАППАРОВ дүниеге келген.

Ол Жамбыл облысында туған. әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін (1993), Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының Заң институтын (2002) бітірген. Полиция полковнигі.

Еңбек жолы: Жамбыл, Алматы облыстарының ІІБ, Алматы қаласының ҚІІБ жедел құрам лауазымындарында қызмет атқарған (1993 – 2001); Алматы облысының жедел бөліністерінің басшылық лауазымдарында жұмыс істеген (2001-2010); Алматы облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы (2010-2012); Алматы қаласының және Ақмола облысының ІІМ қалалық органдарының бастығы (2012-2013); Көліктегі ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы (2013-2014); Қазақстан Республикасы ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті бастығының орынбасары (2014-2016); Ақтөбе облысының ІІД бастығының бірінші орынбасары (2016-2017); Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы (2018-2019); Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы (2019).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылғы шілдеде кірісті.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрметті қызметкері.

«Айбын» ІІ-дәрежелі орденімен мемлекеттік наградымен; «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен және ведомстволық медальдарымен наградталған.




47 жыл бұрын (1972) «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Еркінқызы ИБРАГИМОВА дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. 1995 жылы - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы. 1999-2004 жылдары - ІІ шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, «Ақиқат» депутаттық тобының жетекшісі. 2004-2009 жылдары - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің басшысы. 2009 жылғы қаңтар-тамыз айларында - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қаржы институттарын және нарық институттарын басқару жөніндегі дирекцияның бас менеджері. 2009 жылғы тамыздан - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2011-2016 жылдары - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы. 2016-2017 жылдары - «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі төрағасының орынбасары.

Қазіргі қызметінде - 2017 жылғы қаңтардан бері.




44 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қанат Қобыландыұлы ТУМЫШ дүниеге келген.

Ақтөбе қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық экономикалық қатынастар бакалаврі (1993-1997); Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық экономикалық қатынастар магистрі (1997-1999) дәрежесімен бітірген.

Еңбек жолы: ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол басқармасында референт, атташе (1997-1998); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің үшінші хатшысы (1998-1999); ҚР Түркиядағы Консулдығында вице-консул (1999-2001); ҚР Түркиядағы Консулдығында Елшінің көмекшісі, баспасөз хатшысы (2001 – 2003); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы (2003); ҚР Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі Елшілігінің консулдық бөлімнің меңгерушісі (2003-2005); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің бірінші хатшысы (2005-2006); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Азиялық ынтымақтастық басқармасынде кеңесші, бөлім басшысы (2006-2007); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің Азиядағы қауіпсіздік басқармасының басшысы (2007-2009); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары (2009-2010); «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі» халықаралық ұйымы Атқарушы директорының орынбасары (2010-2014); ҚР сыртқы істер министрінің кеңесшісі (2014-2015); ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігінде кеңесші-уәкіл (2015-2016); ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілінің орынбасары (2016-2019).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылғы шілдеде кірісті.

Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен; ҚР және ҚХР-ның, сондай-ақ ИНТЕРПОЛ, ШЫҰ, АӨСШК, ТҮРКСОЙ халықаралық және өңірлік ұйымдарының медальдерімен марапатталған.




41 жыл бұрын (1978) ҚР Энергетика министрінің орынбасары Мағзом Маратұлы МЫРЗАҒАЛИЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. «Тұран» университетін, Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын, Ш.Есенов атындағы Қазақ мемлекеттік технология және инжиниринг университетін бітірген. 2001-2004 жылдары - Теңіз және Батыс Сібір кеніштерінде «MIDrillingFluidsInternational» (Schlumberger) бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер. 2004-2007 жылдары - «MIDrillingFluidsInternational» Ақтау филиалында бизнесті дамыту менеджері, өндіріс жөніндегі менеджер, филиал басшысы. 2007-2010 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры. 2010-2012 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры. 2010-2013 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының инновациялық дамыту және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары. 2013-2014 жылдары - ҚР мұнай газ вице-министрі. Қазіргі қызметінде - 2014 жылғы тамыздан бері.




35 жыл бұрын (1984) Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Мира Жомартқызы ҚАЗБЕКОВА дүниеге келген.

Ол Қызылорда облысында туған. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген (2005).

Еңбек жолы: «Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» облыстық баспасөз клубының маманы (2005); «Қала әкімі аппаратының» жетекші маманы - баспасөз хатшысы (2005 - 2006); Облыстық ішкі саясат департаментінің ақпараттық саясат және БАҚ-тар мониторингі бөлімінің жетекші маманы (2006-2007); облыс әкімі аппаратының бас маманы – баспасөз хатшысы (2007); облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің бас маманы (2007-2008); қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы; қала әкімінің баспасөз хатшысы-бас инспектор (2008); қала әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің бастығы (2009); қала әкімі орынбасарының көмекшісі – бас инспектор (2010); Қызылорда облыстық мәдениет, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған (2011-2017); Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы (2017-2019); Қызылорда қаласы әкімдігінің аппарат басшысы (2019).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылдың 20 мамырында кірісті.

Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай