Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

7 қыркүйек. Туған күн иелері

2019 жылдың 7 қыркүйек 2019 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 7 қыркүйекке арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




178 жыл бұрын (1841-1918) халық композиторы, әнші-ақын, күйші-домбырашы Мұхит (Мұхамбеткерей) МЕРАЛЫҰЛЫ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында туған. Әбілқайыр әулетінен шыққан, Қаратай сұлтанның немересі. Оның туған ағалары Паңгерей, Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіп өнерпаз адамдар болған. Мұхит Орынбор, Қостанай, Жаманқала (Орск), Қазалы, Троицк, Ақтөбе, Арал, Атырау өңірлерін аралап, «Әнші Мұхит», «Сал Мұхит» атанды. Оның «Дүние-ай», «Зәуреш», «Паң көйлек», «Қыпшақ», «Дөң асқан», «Кербез» әндері әншілік өнерінің сан қырлы табиғатын ашады. Ойлы да қуатты, нәзік те сырлы, мөлдір лиризмге тұнған әндерін асқан шеберлікпен орындай жүріп, өзінің әншілік дәстүрін қалыптастырды. Александр Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 ән мен күйі» кітабында Мұхитты «қазақтың Баяны» атап, Қазақстанның батысында Мұхиттың шығармашылығын белгілі ән мектебі деп қарау керек» деп жазды. Ол тек әнші, ақын ғана емес, күйшілік өнерімен де танылды. Боғда, Есбай, Тазбала, Сәулебай, Абыл күйлерін өте әсерлі орындап, өзі де күй шығарды. Мұхиттың әншілік, ақындық, күйшілік мұрасын біздің заманға балалары - Шоң мен Нәу, немерелері - Шайхы, Лұқпан, Ғұбайдолла жеткізді. Қазақстан композиторлары Мұхиттың туындыларын өздерінің шығармаларында кеңінен пайдаланды. Евгений Брусиловский Мұхиттың «Алуаш» әнін «Жалбыр», «Үлкен Оразын» - «Қыз Жібек», «Дүние-ай» әнін «Ер Тарғын» операларына пайдаланды.




100 жыл бұрын (1919-1988) күйші-домбырашы, Қазақ ССР халық әртісі Рүстембек Бейсенұлы ОМАРОВ дүниеге келді.
Павлодар облысында туған. Ленинградта (Санкт-Петерб ург ) музыка училищесін, Алматы консерваториясын бітірген. 1934 жы лд ан Қазақ халық аспаптары оркестрінің домбырашысы, концертмейстері, солист-домбырашысы сонымен қатар консерваторияда сабақ берді. Ә.Есқалиев, Қ.Ахмедияров сияқты көптеген күйшілерді даярлады. Қазақ халық күйлері мұрасын, әсіресе, Құрманғазы күйлерін, оның орындаушылық дәстүрін жетік меңгерген. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан.




65 жыл бұрын (1954) ҚР Парламент Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Михаил Владимирович ЧИРКОВ дүниеге келді.

РФ Красноярск өлкесінің Рыбин ауданы Ирша селосында туған. 1977 жылы Свердловск қаласындағы А.М.Горький атындағы Орал мемлекеттік университетін бітірген, журналист.

«Горницкая правда» газетінің тілшісі болып жұмыс істеген (1977-1978); 1978-1979 жылдары - «Звезда Прииртышья» газетінің тілшісі. 1980-1981 жылдары - Корсаков мұхиттан балық аулау базасының матросы. 1981 жылы - «Целиноградская правда» газетінің тілшісі. 1981-1985 жылдары - «Звезда Прииртышья» газеті редакциясының тілшісі, бөлім меңгерушісі. 1985-1990 жылдары - ҚазТАГ-тың Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары. 1990-1994 жылдары - ҚР Президенті және Министрлер кабинеті аппаратының консультанты, референті, баспасөз қызметінің консультанты. 1994-1995 жылдары - ҚР Министрлер кабинеті баспасөз қызметінің басшысы. 1995-1997 жылдары - ҚР Президенті баспасөз қызметінің консультанты. 1997-2003 жылдары - Ақмола қаласы әкімі аппаратының сектор меңгерушісі, ақпараттық-талдау тобының басшысы – басшының орынбасары, бас инспекторы; 2003-2004 жылдары - ҚР Индустрия және сауда министрінің кеңесшісі, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің бөлім бастығы, баспасөз хатшысы. 2005 жылы қыркүйек – желтоқсан - ҚР Президенті қызметіне кандидат Н.Ә.Назарбаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб аппараты жетекшісінің орынбасары. 2005-2008 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысы хатшылығының бас сарапшысы. 2008 жылы - «Нұр Отан» ХДП төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі. 2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі. 2009 жылғы қыркүйек - 2014 жылғы маусым – ҚР Қорғаныс министрлігі БАҚ-пен жұмыс және жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің бастығы. 2014 жылғы маусым - желтоқсан – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы хатшылығының меңгерушісі. 2014 жылғы желтоқсан - 2016 жылғы наурыз – Астана қаласы әкімінің кеңесшісі.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған.

Атташе - дипломатиялық дәрежесі бар.

«Құрмет» орденімен, «Мемлекеттік қызмет үздігі» төсбелгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, бірқатар мерейтойлық медальдармен марапатталған.

1986 жылы КОТА жүйесінде Кеңес Одағының үздік тілшісі болып танылған.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай