Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

8 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылдың 8 қараша 2019 07:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 8 қарашаға арналған күнтізбесін ұсынады.

Қазақстанда статистика күні

1920 жылы Қазақстанда бірыңғай статистикалық органдар құрылуына орайластырылған.

Халықаралық радиологтар күні

2012 жылдан бері тойланады. Бұл Еуропа радиологтар қоғамының, Солтүстік Америка радиологтар қоғамының және Америка радиология колледжінің ортақ идеясы болды. Оны дәл осы күні атап өту 1895 жылы рентген сәулесінің ашылуымен байланысты.

Дүниежүзілік қала құрылысы күні

Халыққа барлық керегі қамтамасыз етілген жайлы кеңістік ретінде қала құрылысын дамытуға арналған. Мереке 1949 жылы белгіленді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1920 жылы Қырғыз (Қазақ) АССР Халық Комиссарлары Кеңесі «Қырғыз АССР мемлекеттік статистика туралы ережені» бекітті. Сол жылы Қазақ АССР статистика басқармасы құрылды. Кейін, 1948 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесі жанынан Статистика басқармасы құрылды.

1997 жылы Алматыдағы Президент резиденциясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен Президент байрағын Ақмола қаласына (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) шығарып салу салтанаты өтті. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1186 қаулысына сәйкес ҚазААГ негізінде «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы («ҚазАқпарат» ҰК) құрылды.

2004 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің елшілері клубының алғашқы отырысы өтті. Онда ШЫҰ хатшылығы, ұлттық үйлестірушілер кеңесі және Қазақстанда тіркелген елшіліктер жанындағы тұрақты өкілдер арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

2011 жылы ТМД елдерінің арасында алғаш рет Қазақстанда Қазақ телевизия энциклопедиясы жарық көрді. Онда тек отандық телекомпаниялар туралы ғана емес, алыс-жақын шетелдерде әр жылдарда эфирге шыққан танымал телевизиялық бағдарламалар жайы да айтылады.

2013 жылы елордалық «Астана Опера» театрының әншісі Салтанат Ахметова Германияда өткен Neue Stimmen ірі вокалшылар конкурсының бірінде финалға өтіп, «Klassik Herbst in Gutersloh' Forderpreis» («Гютерслодағы классикалық күз») жүлдесін ұтып алды. Бұл конкурсқа бір жарым мыңға жуық адам өтінім берген, соның ішінде барлығы 40 адам өткен. Финалға тек 9 вокалист өткен, соның ішінде С. Ахметова да болды.

2016 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Гои» бейбітшілік қоры атынан «ядролық қарусыздану және таратпау ісіне қосқан зор үлесі үшін» 2016 жылғы әлем мәдениетінің арнайы сыйлығымен марапатталды. Арнаулы сыйлықты салтанатты түрде Гои бейбітшілік қорының төрайымы Масами Сайонджи мен қор президенті Хироо Сайонджи табыс етті.

2017 жылы Вьетнамның Хошимин қаласында өткен әйелдер арасындағы бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бір алтын, бір күміс және төрт қола медальды еншіледі. Алтын медальді құрама қоржынына 64 кг салмақта Мәдина Нұршаева салды.

2018 жылы «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешенінде 1938-1953 жылдары лагерьде жазасын өтеген эстон әйелдеріне арналған ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі өтті. Шараға Эстония Республикасының Премьер-Министрі Юрий Ратас, Эстонияның Қазақстандағы Елшілігінің өкілдері, Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нарим Мұхамбеталина және музей қызметкерлері қатысты.

Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай