Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

8 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылдың 8 қыркүйек 2019 07:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 8 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Қазақстанда Отбасы күні

2013 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының кәсіби және өзге де мерекелерінің тізіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Аталмыш құжаттың көмегімен елде жаңа мереке - Отбасы күні белгіленді. Ол қыркүйектің әр екінші жексенбісінде аталып өтеді.

Журналистердің халықаралық ынтымақ күні (1958)

Бұл күні чех журналисі Юлиус Фучикті гитлершілер Берлин түрмесі - Плетцензеде айуандықпен өлтірген. Бухаресте өткен 4-ші Халықаралық журналистер ұйымы конгресінің шешімі бойынша бұл дата жалынды журналисті еске алу мақсатында атап өтіледі.

Халықаралық сауаттандыру күні

1967 жылдан бастап, ЮНЕСКО Бас конфедерациясы 14-сессиясының 1.141. қарары негізінде аталып өтіледі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1824 жылы Қарағанды облысының ең ескі қаласы, облыстың экономикалық және мәдени өмірінде маңызды орын алатын Қарқаралы қаласы құрылды. Іргесі 1824 жылы Ресей империясының әскери бекінісі ретінде қаланған. 1868 жылы уездік орталыққа айналды. Қарқаралы Орта Азия мен Қытайдан Сібірге баратын керуен жолының торабы ретінде маңызды сауда, кәсіпшілік және мәдени-ағарту орталығына айналды. Ал Қарасор көлінің жағасында 1848 жылдан 1930 жылға дейін әйгілі Қоянды жәрмеңкесі өтіп тұрды.

1997 жылы Батыс Қазақстан облысының Орда ауылында Жәңгір хан кесенесінің ашылу салтанаты болды.

2001 жылы Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан картасы: «Атамекен» деп аталатын жаңа этномемориалдық парктің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, оның лентасын қиды. Бұл картада Қазақстанның барлық аймақтары қамтылып, еліміз аумағында орналасқан 100-ден астам нысан түпнұсқасынан айнымайтындай етіп көрсетілген. Олардың арасында қалалар, ондағы басқару мекемелері, мәдениет ошақтары, ірі өндіріс орындары, тарихи ескерткіштер қамтылған.

2007 жылы Қобда ауданының Жиренқопа ауылында Қобыланды батырдың мемориалдық кешені салтанатты түрде ашылды.
Авторы - сәулетші Бек Ыбыраев. Қобда жағалауындағы мемориалдық кешен әскери тақырыпта салынған. Әскери бас киіміне ұқсатып жасалған дөңгелек ғимарат бұрынғы жерленген жерде бой көтерді. Мавзолейге бара жатқан жолда меңгір-тастары орнатылған, олар қолбасшының тыныштығын сақтайтын сарбаздар сияқты. Шетінде әскери жебеге ұқсатылып жасалған ғимарат, онда кішігірім мұражай және саяхаттанушыларға арналған қонақүй бар.

2010 жылы «Сарыарқа» баспасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөздерінің таңдамалы 5 томдық жинағын жарыққа шығарды. Жинаққа Мемлекет басшысының 1989-2009 жылдардағы тұжырымдамалық және бағдарламалық сипаттағы ең маңызды сөйлеген сөздері енді.

2015 жылы «Қазпошта» АҚ Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған пошта маркасын айналымға шығарды.

2016 жылы Астанада әлемдегі алғашқы халықаралық қобызшылар конкурсы ашылды. Оған Америка, Азия және Еуропа елдерінен келген 30-дан астам өнерпаз қатысты. Салтанатты рәсім аясында «Тiлеп Қобыз Сарайы» көпбейінді кешенінде Тілеп Аспантайұлының (1757-1820) ескерткіші ашылды.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай