Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

8 наурыз күні Өскеменде әйелдер трамваймен тегін жүреді

2019 жылдың 2 наурыз 2019 20:42

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесінде өскемендік арулар трамваймен тегін жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Тасымалдаушы компания мерекеге орай осындай тосынсый жасауды жөн көрген.

«Бұл - біздің компания, қала әкімдігі және «Регистан» фирмасының бірлескен акциясы, ортақ идеямыз. Әйелдер қауымын қуантқымыз келеді. Сондықтан 8 наурыз күні таңнан кешке дейін аруларды тегін алып жүреміз», - деп мәлім етті «Өскемен көлік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен.

Жоғары қарай