Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

82 жастағы қарияны судан құтқарған семейлік офицер марапатталды

2019 жылдың 9 мамыр 2019 22:01

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде суға батып бара жатқан қала тұрғынын құтқарып қалған Ұлттық ұлан офицері Айбек Исаев Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, биыл 30 наурызда Ертіс жағалауында əскери қызметтік шолу жүргізу кезінде 5511 əскери бөлімінің лейтенанты, рота командирінің орынбасары Айбек Исаев көмекке шақырған ер адамның дауысын естиді. Бірден көмекке ұмтылған азамат 82 жастағы қарт балықшыны батып бара жатқан жерінен құтқарып қалады.

Балықшыны жағаға аман алып шыққан офицер кейін құтқарушыларға хабар берген.






«Мен айғайлаған дауысты естіген бетте еш ойланбастан көмекке ұмтылдым. Жағаға киімдерімді шешіп, қолыма тақта алып өзенге беттедім. Мұз еріп жатқандықтан барынша арақашықтықты сақтауға тырыстым. Жəне зейнеткерге мен айтқан нұсқаулықты орындауды өтіндім. Себебі, екеуміздің де өмірімізге қауіп төніп тұрған еді. Зейнеткер менің айтқанымды дұрыс орындады. Осылайша, оны жағаға аман алып шықтым», - деді Айбек Исаев.

Өз өмірін қауіпке тігіп, ерлік көрсеткен əскери қызметкердің ерлігін Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы елеусіз қалдырмады. Ол ТЖД-нің бастығы, азаматтық қорғаныс полковнигі Нұрлан Мадьяровтың Алғыс хатымен марапатталды.

Жоғары қарай