Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

#Abai175: Джек Ма Абай өлеңін жатқа оқыды

2019 жылдың 2 қыркүйек 2019 16:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Alibaba интернет-корпорациясының негізін қалаушы Джек Ма қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңін қытайша оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің хабарлауынша, Джек Ма ҚР-ның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышевтың эстафетасын қабыл алып, қытай тілінде «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңін оқыды.

«Құрметті достар, мен Джек Мамын. Келесі жылы Қазақстанда қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абайдың 175 жылдығы тойланады. Бүгін мен Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрышев мырзадан эстафетаны қабыл алып, сіздерге Абайдың өлеңін оқып беремін»,- деді қытайлық миллиардер.

Ол Абайдың:

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй» деген өлеңін оқыды.

Соңында, Джек Ма эстафетаны қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге жолдады.



Жоғары қарай