Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

#Abai175: Ерейментау ауданының әкімі «Көзімнің қарасы» әнін орындады

2019 жылдың 4 тамыз 2019 02:20

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімі Абай Әлжанов қолдады. Бұл туралы әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлы Абай Құнанбаев бабамыздың 175 жылдығына орай, осы маңызды атаулы күнге, жылнамаға арнап, сіздердің назарларыңызға қазақ даласының Ұлы ақыны, дана ойшылы, қазақтың жаңа тарихи дәуіріндегі жазба әдебиетінің ғұлама атасы шығармаларының өлең жолдарын жолдағым келеді.

Абай есімі қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани жаңғыруының символы екені сөзсіз. Өлеңін әнмен өрнектеген ақын шығармаларын оқи отырып, біз оның адам жаны мен уақыт талабын жете түсінген дарын иесі болғанына көз жеткіземіз», деді Ерейментау ауданының әкімі Абай Әлжанов бейнежазбада.

Бұдан кейін әкім Ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңін домбырамен нақышына келтіріп орындап берді.

Сонымен қатар, Абай Әлжанов эстафета тізгінін Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов пен Сандықтау ауданының әкімі Асқарбек Үйсінбаевқа беретінін айтты.

Әкімнің бейнежазбасына пікір қалдырған желі қоланушылардың көбі Абай Әлжановтың ұлттық өнерге деген жанашарлығын айтып, Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай республика бойынша қолға алынған эстафетаны қолдағаны үшін алғыстарын білдіруде.


Жоғары қарай