Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Абай атындағы көркемсөз байқауының жеңімпаздары анықталды

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 17:24

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорған қаласында Қазақстан халқы тілдері күніне орай дәстүрлі Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында өткен байқауды Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті ұйымдастырды.

Көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауына еліміздің облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткен конкурстардың 16 жеңімпазы қатысты.

Әсіресе, көрермендерді оқу шеберлігімен тәнтті еткен Айжан Алқабек, Айсана Әшімхан, Мәди Сәулебек, Ерлан Нұрланов, Әлия Болатова, Ербақ Құрметжан мәтінді мәнеріне жеткізіп көрермен жүрегіне жол салды. Олар қазақтың төл дыбыстарын ашық, нақты мәнерлі әрі әуезді жеткізді.







Сахна төрінде Бейімбет Майлиннің, Сәкен Сейфуллиннің көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқылды.

Сондай-ақ Сәбит Дөнентаевтың, Ілияс Жансүгіровтың және Фариза Оңғарсынованың поэзиялық шығармаларынан оқылған жыр дестелері көпшілік ілтипатына ие болды.

Қазылар алқасының төрағасы белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Тыныштықбек Әбдікәрім, әдебиет сыншысы Тұрсынжан Шапай, дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали, театр, кино және дубляж актері Азамат Шарын, профессор, филология ғылымдарының докторы Мұратбек Иманғазинов Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің жеңімпаздарын анықтады.




Байқаудың бас жүлдесі Айжан Алқабекке бұйырды. Ал, бірінші жүлде Мәди Сәулебекке, екінші Ербақ Құрметжанға, үшінші жүлде екеу оны Әлия Болатова мен Айсана Әшімхан өзара бөлісті. Жеңімпаздары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Айта кетерлігі, байқау – қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, Абай және басқа да қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын орындау арқылы қазақтың көркем әдебиетіне жастардың ықыласын арттыруды көздейді.









Басты сөздер: #Аbai175, Мәдениет, Алматы облысы,
Жоғары қарай