Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Абай Бисембаев ҚР Президенті Іс Басқарушысының бірінші орынбасары болды

2019 жылдың 19 наурыз 2019 19:49 1063

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай Айдарханұлы Бисембаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды. 

Сондай-ақ  Ақорданың баспасөз қызметі  «А.А. Бисембаевты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Көмекшісі - Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқарушысының Бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының шешімін жария етті.

Абай Айдарханұлы Бисембаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Көмекшісі - Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқарушысының Бірінші орынбасары болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаев

Астана, 2019 жылғы 19 наурыз
№ 3

 

 

Жоғары қарай