Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Абай көптеген ұрпақтардың руханилығын қалыптастыруға баға жетпес үлес қосты – дөңгелек үстел

2020 жылдың 25 қаңтар 2020 20:39

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты дөңгелек үстел ғалымдар мен жазушылар, мәдениет және өнер қызметкерлері, журналистер мен педагогтардың басын қосты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ұлы философ әрі ақынның 175 жыл толуына арналған алғашқы кездесу «Абай өз замандастарының ғана емес, сонымен қатар көптеген ұрпақтардың руханилығын қалыптастыруға баға жетпес үлес қосты. Бұл байланыс бүгін де өмір сүреді...» - деген сөздермен басталды. – Бұл – ақынның мерейтойына арналған қала аясындағы алғашқы шара. Абай шығармашылығының білімпаздарын өскелең ұрпақпен өз білімдерімен бөлісуге шақырамын, – деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Светлана Гладышева. Жиналғандарға Абайдың 175 жылдығын мерекелеу жөніндегі негізгі имидждік іс-шаралар жоспары ұсынылды. Жыл басында шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкілдерінің Шығыс Қазақстан облысындағы Жидебай шатқалына сапары жоспарланған. Делегация Абайдың мұражай-үйі мен «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенін тамашалайды.





Сондай-ақ, ПМПУ профессоры Бекен Сағындықұлы, ПМУ профессоры Айман Зейнулина және ПМУ профессоры Серік Елікбаев сөз сөйледі. Сонымен қатар, ПМПУ 1 курс студенті Кристина Шевчук Абай шығармаларын қазақ тілінде орындау шеберлігімен таң қалдырды.

Ресми баяндамалардың соңында жиналғандар алдағы іс-шараларды талқылап, өз тілектерін білдірді.






Жоғары қарай