Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Абай өлеңдерін оқу эстафетасына Татарстан Президенті қосылды

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 14:05

ҚАЗАН. Татар-информ – ҚазАқпарат – Татарстан президенті Рустам Минниханов қазақ ақыны, ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаға қатысты. Татар басшысы ақынның өлеңінен үзінді оқыған видеоны Instagram-дағы жеке парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Татар-информ сайтына сілтеме жасап.

«Мен досым – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтен эстафетаны қуана қабылдадым және оны Қазақстан Республикасында тұратын татар диаспорасына жолдаймын», – деді Минниханов.

Еске сала кетейік, 2020 жылы қазақтың ұлы ақыны, композитор және ағартушы Абайдың туғанына 175 жыл толады. Ол – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы және тұңғыш классик.

«Құнанбаевтың мерейтойына орай ұйымдастырылған флешмоб әлеуметтік желілерде қарқын алуда. Қатысушылар классиктің өлеңдерін оқып, әндерін орындауда. Флешмобқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, әнші Димаш Құдайбергенов, композитор Игорь Крутой да қосылған болатын», - деп жазады Татар-информ.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай шығармаларынан үзінді орындау эстафетасын 9 жасар мектеп оқушысынан қабыл алып , оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және жас әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді. Кейін Ресейдің халық әртiсi Игорь Крутой Димаш жолдаған эстафетаны жалғастырып, ақын өлеңдерін оқыған болатын.

Аталмыш эстафетаны «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымы «Egemen Qazaqstan» газетінен қабыл алып, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқады және челленджді Татарстанның «Татар-Информ» ақпарат агенттігіне, Қырғыз Республикасының «Кабар» ұлттық ақпарат агенттігіне, «Tengrinews» және NUR.KZ порталдарына жолдады.

Кейін «Татар-информ» өкілдері Абайдың өлеңін оқып, #abai175 флешмобын ТНВ – «Яңа гасыр» телерадиокомпаниясына және «Болгар радиосына» тапсырды.




Басты сөздер: Әдебиет, Ресей, #Аbai175,
Жоғары қарай