Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Абайдың 175 жылдық мерейтойына қанша қаржы жұмсалады

2020 жылдың 16 қаңтар 2020 13:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Абайдың 175 жылдық мерейтойы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жыл сайын бөлетін қаражат аясында тойланады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған шаралар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 3 млрд теңге көлеміндегі жылдық жоспарланған қаржысы есебінен өтеді. Мысалы, Абай атындағы Опера және балет театры гастрольдік сапарларына бөлінген жыл сайынғы қаржыны Абай жылына арнап, Мәскеу, Түркия, Қытайға барып өнер көрсетеді», - дейді Нұрғиса Дәуешов.

Мерейтой аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығын түрлендіру және ақын есімімен байланысты тарихи-мәдени мұра объектілеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

«Бұл жұмыстардың бәрі «Қазреставрация» ұйымына бөлінген қаражат есебінен жасалады. Мысалы, Абайдың Семей қаласындағы музейінің ішкі жөндеу жұмыстарына 30 млн теңге бөлінді», - дейді Нұрғиса Дәуешов.

Ұлы Абай мерейтойының ресми салтанатты ашылу рәсімі 21 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.


Жоғары қарай