Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Абдулла Гүл Нұрсұлтан Назарбаевты Наурыз мейрамымен құттықтады

2019 жылдың 25 наурыз 2019 19:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Абдулла Гүл Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі беделді саясаткер әрі тәуелсіз Қазақстанның егемендігін бекемдеп, аймақтағы көшбасшы ел ретінде қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан мемлекет қайраткері екендігін атап өтті.

А.Гүл Елбасына зор денсаулық және алдағы қызметіне табыс тіледі.

Н.Назарбаев пен А.Гүл бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге түрік жағы бастамашы болды.

Жоғары қарай