Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

«Әбу-Даби Плаза» кешенінде жаңа жұмыс орындары ашылады

2019 жылдың 23 ақпан 2019 20:57

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада жаңа жұмыс орындарын ашуға қатысты бірнеше басқарма арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қаласы жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына сілтеме жасап.

«Құжатқа қол қою тараптардың ұзақ мерзімді серіктестігін құруға бағытталған, атап айтқанда, жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған азаматтармен қоса елорда тұрғындарын жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ Астанадағы «Әбу-Даби Плаза» кешені жұмысы шеңберінде кадрларды даярлау және қайта даярлау», - делінген басқарма хабарламасында.

Хабарламада айтылғандай, аталған меморандум Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мен «АЛДАР ЕвроАзия» ЖШС арасында жасалды.

Сондай-ақ, басқарма мәліметінше Астанада жаңа нысандарды іске қосу мен қолданыстағы кәсіпорындардың дамуы нәтижесінде жыл сайын 19-20 мың тұрақты жұмыс орны пайда болады.

«Бүгінгі күні Астанада экономикалық белсенді халық саны 531,3 мың адамды құраса, жұмыспен қамтылған халық саны - 507,2 мың адам. Астананың индустриалды-инновациялық және әлеуметтік-экономикалық дамуының аясында, «Әбу-Даби Плаза» нысанында жаңа жұмыс орындарын құру елордамыздың еңбек нарығындағы жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік береді», - деп жазылған ресми хабарламада.

Жоғары қарай