Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Сенат депутаты болды

2019 жылдың 12 тамыз 2019 17:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Асқар Шәкіров ҚР Парламенті Сенатының депутаты болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп пен Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалды»,-делінген хабарламада.

Асқар Оразалыұлы Шәкіров осыған дейін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарып келген болатын.

Ол Қарағанды қаласында туған. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Азия және Африка елдері институтын, КСРО Ішкі істер министрлігі академиясының адъюнктурасын бітірген. 1978-1987 жылдары - КСРО Ішкі істер министрлігі академиясының адъюнкты, инспекторы, аға инспекторы, ғылыми қызметкері. 1987-1989 жылдары - КСРО Ішкі істер министрлігі сыртқы байланыс бөлімінің, 1989-1992 жылдары - КСРО Ішкі істер министрлігі Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институты бөлімінің бастығы.

1992-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Келісімшарт-құқық басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы. 1995-1996 жылдары - Қазақстан Республикасының Корей Республикасындағы Уақытша Сенімді Өкілі, 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі. 1996-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 1998-2004 жылдары - Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі. 2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеден комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

КСРО-ның ІІІ дәрежелі «За безупречную службу» медалімен, Қазақстан Республикасының «Астана», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшін» медальдарымен, Ресей Федерациясының «За укрепление таможенного содружества» медалімен, Қырғызстан Республикасының «За укрепление таможенного сотрудничества» медалімен марапатталған.

Басты сөздер: Тағайындау, Сенат, Парламент,
Жоғары қарай