Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы драматург Петер Хандкеге бұйырды

2019 жылдың 10 қазан 2019 18:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы аустриялық драматург Петер Хандкеге бұйырды. Бұл туралы Тwitter-дегі The Nobel Prize парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Драматург Петерг Хандке «адамзат тәжірибесінің перифериясы мен ерекшеліктерін лингвистикалық көрегендікпен зерттеген ықпалды жұмысы» үшін жоғарғы марапатқа ие болып отыр.

Соңғы рет әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын 2017 жылы британиялық жапон жазушысы Исигуро Кадзуо, 2016 жылы америкалық Боб Дилан, оның алдында белорусь жазушысы Светлана Алексиевич алған.

Айта кетейік, былтыр Швеция академиясы төңірегінде дау-дамай туындауына байланысты Нобель сыйлығы берілмеген болатын.

Басты сөздер: Әлем, Әдебиет,
Жоғары қарай