Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Агенттік парақорлық ет базарларында қандай қауіпке алып келетінін түсіндірді

2019 жылдың 12 қыркүйек 2019 16:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті өңірдегі ең өнімдерін өткізу саласындағы кемшіліктерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Базарда сатылатын өнімдердің сапасыз болуы мен ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың жоқтығы қоғамның наразылығын тудырып отыр. Жаппай түрлі тағамдардан, соның ішінде ет өнімдерінен уланған адамдардың жағдайы БАҚ пен интернетте халықтың талқысына түсуде. Соның өзінде, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, еліміздегі азық-түлік сапасының жағдайы нашар. Осыған орай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі халықты толғандыратын сұрақтарға жауап табу мақсатында болған жағдайға мониторинг пен талдау жүргізді», - деді агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин елордада өткен брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің атқарған жұмысы жағымсыз нәтижелерді көрсетті. Яғни, қазіргі уақытта ет өнімдері нарығында ветеринарлық және эпидемиологиялық бақылау мүлде жоқ.

«Бұл жағдайдың себептерінің бірі - парақорлық. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Көкшетау қаласының ветеринария бөлімінің бас маманы мен жеке компанияның мал дәрігерін ұстады. Аталған адамдар 2019 жылдың тамыз-қыркүйек айларында ет өнімдерін жеткізушілерден жүйелік түрде заңсыз материалдық сыйақы алып тұрған», - деп нақтылады ол.

Өткізілген жұмыс нәтижесінде, коммуналдық базарға ет өнімдерін жеткізетін азаматтар мал дәрігерлеріне әрбір мал басы үшін 3-5 мың теңге мөлшерінде пара беретіні анықталды.

«Нәтижесінде, оларға еттің қандай да бір ауруға шалдықпағанын растайтын жасанды ветеринариялық анықтамалар беріліп отырған. Базарға келіп түсетін еттің барлығы қажетті ветеринариялық тексерістен өтпейтіндігі, әрі қарай халыққа еш бөгетсіз таралатыны анықталды. Олардың қызметіндегі бақылаудың жеткіліксіздігі және ашықтықтың болмауы ет өнімдерін жеткізушілердің ветеринария саласы мамандарына пара беруі қылмыстық жауапкершілікке болып саналатын әрекет болғанына қарамастан, қалыпты құбылыс ретінде есептеуіне алып келді. Қазіргі уақытта пара бергені үшін осындай кәсіпкерлердің 15-тен астамы жауапқа тартылуда. Ветеринария саласының қызметкерлері тарапынан көрсетілген осындай жауапсыздық еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді», - деді А. Бердалин.


Жоғары қарай