Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 378.17
EUR 429.11
RUB 5.88
CNY 56.48

Агенттік вице-министрдің дөрекі жауабына қатысты пікір білдірді

2019 жылдың 20 ақпан 2019 12:31 730

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің тілші сауалына дөрекі жауап беруі оқиғасына қатысты министрлік басшысының атына тиісті хат жолданды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі барлық  қызметшілерге қатысты. Сәйкесінше, бұл факті бойынша мәселенің мән-жайын түсініп тұрмыз», - деп тоқталды Айгүл Шайымова Мәжілісте тілшілердің сауалына жауап беріп.

Осы орайда, ол агенттік өз тарапынан тиісті шараларды қабылдап, аталған оқиға бойынша іс-қимылдар жасағанын атап өтті.

«Министрдің атына тиісті хат жолданды. Бұл тұрғыда ел азаматтарымен қарым-қатынаста этикалық нормаларды сақтау қажеттігі туралы бағынышты қызметкерлермен қажетті жұмыстарды атқару талабы айтылды», - деді Айгүл Шайымова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

 

 

 

Жоғары қарай