Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Аграрлық оқу орындарының түлектеріне қандай талаптар қойылады

2019 жылдың 27 наурыз 2019 17:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы аграрлық саладағы мамандықтар бойынша гранттарды дұрыс топтастыру шараларын енгізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

«Заң жобасының аясында Білім және ғылым министрлігінің ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім беру гранттарының көлемін қалыптастыру жөніндегі қызметтері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне беру көзделеді. Сонымен қатар, аграрлық жоғары оқу орындарының бітірушілері үшін ауылды жерлерде міндетті түрде жұмыспен өтеу талабы енгізіледі. Заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу - аграрлық сектордың қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік тапсырысты дәл қалыптастыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ мамандықтар бойынша гранттарды дұрыс топтастыруға мүмкіндік береді», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ауыл шаруашылығындағы сақтандыру жүйесі түбегейлі өзгереді. Міндетті сақтандырудан ерікті сақтандыруға, сақтандыру төлемдерін субсидиялаудан сақтандыру сыйақыларын субсидиялауға көшу жүзеге асырылады.

Жоғары қарай