Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 431.03
EUR 471.76
RUB 5.85
CNY 61.32

Ai.Dana бір жылда 12 мың адамға мемлекеттік қызмет көрсетті - Еңбек вице-министрі

2020 жылдың 21 ақпан 2020 14:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев халыққа электронды мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз үшін әлеуметтік-еңбек саласындағы ахуалдың қандай екенін көру маңызды. Мәселен, елімізде қанша зейнеткер бар, қанша адамның жәрдемақы алатыны туралы деректер қызықтырады. Сондықтан, мемлекеттік қызметтер бойынша ақпаратты көрсететін өзіміздің ситуациялық орталығымызды құрдық. Бұл жүйе бойынша өңірлермен тұрақты жұмыс істеп келеміз», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен бірге, вице-министр ведомствоның виртуалды кеңесшісі Ai.Dana-ның жұмысы туралы айтып берді.

«Халыққа жылдам ақыл-кеңес беру үшін өткен жылы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін виртуалды кеңесші Ai.Dana жобасы іске қосылған. Ол министрліктің ресми сайтында, enbek.kz сайтында және Facebook мессенджерінде ақпарат беруге дайын. Бұл цифрландыру ағымы және оныен бетпе-бет келіп отырмыз. Жақында ғана отандық телеарналардың бірінде i-Sanj есімді виртуалды журналист таныстырылды. Енді біздің Айдана мен Айсанжды бір-бірімен таныстыруды ұсынып отырмын», - деді вице-министр.

2019 жылы Ai.Dana 12 мың адамға қызмет көрсеткен. Яғни, колл-орталыққа хабарласқан, жұмыспен қамту бөлімдеріне келген адамдардың сұрақтарына жауап берген. Биыл оның білім базасын толықтырып, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігімен толықтырғымыз келеді», - деді Нариман Мұқышев.

Бұған дейін вице-министр Ақтөбеде бастау алған Әлеуметтік ID карта жобасының барлық өңірлерде жүзеге асырылатынын хабарлаған еді.



Жоғары қарай