Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

«Аiqyn» газетінің бас редакторы тағайындалды

2019 жылдың 5 қыркүйек 2019 17:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Белгілі журналист, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Нұрмұхамед Байғара «Аiqyn» газетінің бас редакторы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат басылымға сілтеме жасап.

«Nur Otan» партиясының хатшысы Әлібек Әлденей газет ұжымына бас редакторды таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Нұрмұхамед Байғара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану», «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Ланкастер университетін «Жобаларды басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Бұған дейін ол «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында саяси-сараптамалық бағдарламалар мен әлеуметтік ток-шоулар әзірлеген.

Кейін республикалық «Egemen Qazaqstan» газеті АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, бас редакторының орынбасары болды.

Еске сала кетсек, Мемлекет Басшысының Жарлығымен «Aiqyn» газетін басқарған Нұртөре Жүсіп Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

«Aiqyn» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрген. Газеттің негізгі тақырыбы – саясат, экономика, мәдениет, спорт және қоғамдағы әлеуметтік мәселелер. 2005 жылы газет Президент сыйлығын, 2006 жылы – «Алтын жұлдыз» сыйлығын жеңіп алған.


Жоғары қарай