Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Ақмола архивінде репрессияға ұшырағандардың 60 мыңға жуық құжаты сақтаулы

2019 жылдың 9 мамыр 2019 01:44 1916

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 2019 жылдан бастап Ақмола облысы Полиция департаментінің Ақпараттық талдау орталығының (АТО) арнайы мемлекеттік архивіне 136 өтінім мен сұрау келіп түскен. Аталмыш архивте репрессияға ұшырағандар мен ақталғандар туралы барлық мәліметтер сақтаулы тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазіргі таңда архивте 59 644 мәліметі бар 14 қор құрылған. Көне құжаттар барынша жүйелі түрде сақтаулы.

«Мамандандырылған архив қызметкерлері азаматтарға архив анықтамаларын, қылмыстық істер бойынша құжаттардың көшірмесін алуға көмектеседі. Әрбір архив анықтамасында анкеталық мәліметтер, айыптау мазмұны, үкім мен ақталу процестері жайлы мәліметтер бар. Жалпы, 2019 жылдан бастап архивке 136 өтінім мен сұрау келіп түсті. Келіп түскен өтінімдер бойынша 40 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 29 архив анықтамасы, бұйрықтардан 8 үзінді тапсырылып, үш құжаттың көшірмесі сұралған», - делінген ведомствода.

Көп жағдайда қуғынға ұшырағандардың туыстары архив анықтамасын алып, қылмыстық істермен танысқысы келгенімен ақталғандармен туыс екенін растай аоатын құжаттарды алып келе алмай жатады.

«Мұндай жағдайда өтінім толтырып, жеке куәлігін әкелсе болғаны. Себебі, көп жағдайда кезінде сотталғандар мен оларға сұрау салып жүргендердің тегі бірдей болып шығады. Сондай-ақ, архив азаматтардың өтінімін тұрғылықты мекені мен азаматтығына қарамай қанағаттандыра алады. Мәселен, архивке келіп түскен өтінімдердің бірі сонау Атыраудан жолданған. Туыстары Виниц облысының тумасы Иван Надивайкоға қатысты мәліметтерді іздестірген. Ол болса кезінде Зеренді ауданының Айдабол ауылында тұрыпты», - деп хабарлайд Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жауап алу хаттамалары мен куәгерлердің жауабы әлі күнге дейін құпия түрде сақталып келеді. Ақталғандардың туыстары тек процессуалдық сипатқа ие емес құжаттармен таныса алады.

Репрессияға кезінде халықтың белгілі бір санаты ғана емес, бір халық пен этностық топтар да ұшырап, Қазақстанға күштеп көшірілген. Қуғындалғандардың құрамының әр түрлі ұлттар болған.

«Архивке поляк Бронислав Цыбухтың туыстары келді. 1936 жылы ол «жат элемент» ретінде Қазақстанға жер аударылған. Оған дейін Келлер ауданы Глубокое ауылында тұрған. Өзінің пәтерінде ол азамат адамдар тобын жинап, ауылдан Украинаға қашу жоспарын құрған, «антисоветтік» үгіт жүргізген. Архивтің арқасында ол ксі туралы біршама мәліметке қол жеткізілді», - делінген хабарламада.

Полицияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, архивке сұрау көбінесе ТМД елдерінен түсуде.


Авторы Оксана Матасова

Жоғары қарай