Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Ақмола ауылында «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде Мәдениет үйі ашылды

2019 жылдың 3 желтоқсан 2019 22:42

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу шеңберінде Ақмола облысының Целиноград ауданында Мәдениет үйі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аудан әкімдігіне сілтеме жасап.

Қараменді батыр ауылында Мәдениет үйінінің ашылуы рәсіміне аудан әкімі Мәлгаждар Тәткеев, «Арыстан» шаруа қожалығының басшысы Қанат Темірбаев, аудандық мәслихат хатшысы, Жаңаесіл селолық округінің әкімі қатысып, құттықтау сөз сөйледі.




«Бос жатқан ғимаратқа «Туған жер» бағдарламасы бойынша «Арыстан» шаруа қожалығының басшысы Қанат Темірбаев күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген. Бір қабатты Мәдениет үйінің аумағы 370 шаршы метрді құрайды. Мұнда 200 орындық көрермен залы, диско-зал және түрлі үйірмелерге арналған бөлмелер бар», дейді Целиноград ауданы әкімдігіндегілер.




Аслан Оспанов.

Жоғары қарай