Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Ақмола музейінде бір ғасыр бұрын жасалған ожау сақталған

2019 жылдың 23 наурыз 2019 19:53

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының тарихи-өлкетану музейінде мүйізден жасалған қымыз сапырып, құюға арналған бір ғасырлық ожау сақталған, дейді ҚазАқпарат тілшісі

Аталған музейдің кіші ғылыми қызметкері Күміс Қасымбаеваның айтуына қарағанда, көне жәдігердің сабындағы жазуға қарағанда, оны арқардың мүйізінен 95 жыл бұрын жасаған екен. Жазу араб тілінде:«Габдулла ибн Халиулла ибн Абдирахим ходжа 1340 г.», деп ойып жазылған. Бұл қазіргі жыл санаумен есептегенде 1924 жылды білдіреді.

«Біздің музей қорына бұл ожау өткен ғасырдың 60-шы жылдары тапсырылды. Ожаудағы жазу Меккеге қажылыққа барған адамға арналып жасалғанды білдіреді. Әдемі әрі күрделі жасалған дүние болғандықтан теңдесіз жәдігер болып отыр. Шебер көз тартатындай ожауды аса ұқыптылықпен жасаған. Аққудың мойыны сияқты иірілген ұзын сапты ожаудың басы екі шөмішті, оны жіңішке ой-өрнек бөліп тұр. Ожауды қымыз құйылған тегенеге салған кезде ыдыстың ішінде аққу жүзіп жүргендей болады», дейді ҚазАқпарат тілшісіне К. Қасымбаева.

Мұржай қызметкерінің айтуынша, осындай қос бүйірлі ожаумен ұзақ уақыт сапырған қымыз оттегіне байытылып, ашу барысында пайда болған газды шығарылады. Сосын сапырып, құйғанда қымыз жіптей тізіліп, сорғалап ағады. Сондай-ақ, шөміштерінде тағамның дәмін бүлдіретін шырышты қатпар боламайды

«Ожаудың ұзын сабы, қос бүйірлі қымыз құятын басы «бүйрек» тәрізденіп мүйізден жасалған. Сабы жұмырлана иіліп, саптың аяғы мен орта тұсынан астына қарай «мүйіз» шығарылған. Бұл мүйіздер қымыз құйылған ыдыстың жиегіне ожауды тіреп, сондай-ақ керегеге іліп қоюға арналған. Шеберлер мұндай ожауларды арқар немесе таутекенің мүйіздерін қоламтаға көміп, балқыта отырып, түзеп жасаған. Мүйізден жасалған ожаудың бір ғасырға жуық уақыт өтсе де, сыны кетпеген. Халқымыз «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» деп тегін айтпаса керек. Шөмішінің қатпарлана қажалғаны да байқалады. Ертеректе жыл құтты болсын, ақ мол болсын деген ырыммен тері және ағаштан жасалған ыдыстарды түтінмен өңдеді», - дейді К.Қасымбаева.

Оның сөзінше, Наурыз мейрамы кезінде халқымыз сүт өнімдерін құятын ыдыстарды ерекше қастерлі санады. Қымыз әзірлегенде тегене, тостаған және ожаудан басқа, сабадағы қымызды пішу үшін піспек қолданылады. Бұл ыдыстар күміс немесе сүйекпен әріленді.

«Қастерлі ыдыстардың қатарында ожау да болды. Ожаумен қымыс сапырғанда үндестік пайда болып, ғаламда тыныштық орнаған. Наурыз мейрамында наурыз көже әзірленген. Көже келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған соғымның арнайы сақталған мүшелері, бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосқан.

Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» дегендей барлық адам наурыз көжеден ауыз тиіп, алдағы жылы молшылық болсын деп тілектерін айтады. Ал, алыстағы мен сапарда жүрген ағайынға мерекелік тағамнан сыбаға қалдырған», - деп толықтырды К.Қасымбаева.

Автор: Оксана Матасова

Перевод Аслан Оспанов
Басты сөздер: Мәдениет, Ақмола облысы,
Жоғары қарай