Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 384.06
EUR 429.19
RUB 6.08
CNY 55.83

Ақмола облысы әкімінің орынбасары жол апатынан қаза болды

2019 жылдың 9 мамыр 2019 22:05 3607

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Нұркенов Көкшетау маңындағы трассада жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы бүгін, сағат 18.30-да болды.

«Телефон арқылы хабар түсіп, онда Көкшетаудан 3 шақырым жерде, «Петропавл-Астана» автожолында 1974 жылы туған Көкшетау тұрғынының басқаруындағы джип жол жиегінде тұрған жұмыс істемейтін асфальт төсегіш машинаға соғылғаны айтылды. Рульде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Нұркенов болды. Ол жол апаты салдарынан көз жұмды», - деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісіне өңірлік Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.

null  

Факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша (Адам өліміне әкеп соқтырған Жол жүру ережесін бұзу) сотқа дейінгі өндіріс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

null 



null 

Авторы Оксана Матасова

Фото: t.me/yyedilov

 

 

Жоғары қарай