Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
CNY 55.39

Ақмола облысы: Барлық өзендерде судың қауіпті деңгейге көтерілуі болжанды

2019 жылдың 27 наурыз 2019 20:51 894

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалықтар қардың күрт еруі мен өзендер суының көтерілуіне әзірленуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының ТЖД бастығы Алексей Советов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ТЖД бастығының айтуынша, облыс бойынша 10 аудандағы өзендерде 15 мың шаршы метр аумақта мұз жару жұмыстары жүргізілді. Елді-мекендерден 437 текше метр қар сыртқа шығарылды.

««Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша өткен жылмен салыстырғанда биыл қар көп түскен. Сол себепті, облыс аумағындағы барлық өздерде судың деңгейі қатерлі шебіне дейін көтерілетіні болжанып отыр», - дейді Алексей Советов.

Брифингте айтылғандай, өткен жылы жаз және күз айларында елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу және биылғы жылы апатты болдырмау шараларын жүзеге асыру бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылған. Су басу қауіпі бар елді мекендерді қатерден сақтау бойынша жоспарға сәйкес 12 ауданның 43 елді-мекендерінде су тасқынының алдын алуға арналған инженерлік-қорғаныс іс-шаралары жүзеге асырылған. Оның ішінде, 96 шақырым су өткізгіш арықтар мен теміржол және республикалық, жергілікті мақсаттағы жолдардың бойындағы 2601 суағызу нысаны кеңейтіліп, тереңдетілді, 13,5 шақырым бөгеттерді жөндеу және нығайту жұмыстары жүргізілді, 1,3 шақырым қауіпті аумақтарға топырақ үйінділері мен бөгеттер тұрғызылды. Аудандар бойынша, 227 тонна жанар-жағармай, 14 мың тонна инертті материал, 72 дана қап әзірленді.

«Су тасқынының қатері Астрахан, Атбасар, Аршалы, Сандықтау және Целиноград аудандарында сақталады. Барлық өңірлерде штаб құрылып, тәулік бойы жағдайды бақылауда ұстауда және мониторинг жүргізуде. Сондай-ақ, жергілікті органдар тарапынан қажетті күштер мен қаражат дайындалды. Облыс бойынша 2 462 адам мен 1321 бірлік техника жасақталды. Оның 692 инженерлік техника, 374 тұрғындар мен олардың мүлкін қауіпсіз жерге көшіруге арналған техника,  161 малды тасымалдауға арналған техника, 94 сусорғыш техника, 131 мотопомпа және 45 суда жүзу құралы», -деп толықтырды Алексей Советов.



null 

Бұдан бөлек, ҚР ІІМ ТЖК республиканың өзге өңірлерінен көмекке 814 адам мен 161 арнайы техника және 31 суда жүзу құралын әзірлеп отыр.



null 

Ауа райы болжамдарына сәйкес наурыздың 18-нен бастап облыстық азаматтық қорғаныс жүйесі жоғары дайындық режиміне көшті.

 

 

Жоғары қарай