Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Ақмола облысында 4600 түлек мектеп бітірді

2019 жылдың 25 мамыр 2019 16:24

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысындағы 560 мектепте 4606 түлек үшін соңғы қоңырау соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетау қаласындағы №1 орта мектепте өткен салтанатты шараға қатысқан аймақ басшысы Ермек Маржықпаев ұстаздар қауымы мен мектеп бітірушілерді және олардың ата-аналарын құттықтап, ақ жол тіледі.

«2018-2019 оқу жылының түлектеріне ерекше құттықтауымды жеткіземін. Сендер үшін жауапты кезең басталғалы тұр. Алдағы өмірге қадам басқалы және мамандық таңдауда маңызды шешім қабылдау сатысында тұрсыңдар. Осы бір салтанатты сәт, мектеп табылдарығында өткізген қызықты сәттердің үлкен бір оң өзгерісін білдіреді. Алдағы жетістіктеріңізбен және нәтижелеріңізге алғашқы қадамды мектепте жасадыңдар», - деді Ермек Маржықпаев.

Сонымен қатар, аймақ басшысы биыл аталмыш №1 орта мектептің жанынан 600 орындық ғимараттың құрылысы басталатынын атап өтті. Бұдан бөлек, салтанатты шарада педагогика саласының ардагері Галина Марченкова түлектерге ақжарма тілегін арнады.



null

Бір топ мектеп бітірушілер мұғалімдер мен педагогикалық еңбек ардагерлерінің құшағын гүлге толтырып, әсем әуеннің ырғағымен мектеп бітірушілердің вальсін биледі.



null

Айта кету керек, ағымдағы жылы облыс бойынша 11 сыныпты 4606 түлек бітірді. Оның 240-і «Алтын белгі» иегері, 169-ы үздік аттестат иегері. Көкшетау қалалық №1 орта мектебінің 66 түлегінің 4-і «Алтын белгі» және біреуі үздік аттестат иегері.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Әкім, Білім, Ақмола облысы,
Жоғары қарай