Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Ақмола облысында «Бәйтерек» орнатылды

2019 жылдың 1 қыркүйек 2019 09:41

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Енді Ақмола облысының да өз «Бәйтерегі» бар. Станционный ауылындағы «Астананың он жылдығы» саябағында Бәйтерек формасында 11 метрлік шағын сәулет құрылысы орнатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Станционный ауылының әкімі Ардақ Тасқынбайдың айтуынша, елді мекенде әдемі эстетикалық рең беретін ескерткіштер мен көрнекі жерлер бұған дейін болмаған. «Бәйтерек» ауыл тұрғындары мен қонақтарын қуантатын алғашқы шағын мүсін.




«11 жыл бұрын, елордамызға 10 жыл толған кезде, Станционный елді мекенінде «Астананың он жылдығы» саябағы ашылған еді. Алайда, ақшалай қаражаттың болмауы себебінен ұзақ уақыт күтім көрген жоқ. Екі жыл бұрын қала басшылығы саябақта жөндеу жұмыстарын өткізу туралы шешім қабылдап, қажетті қаржы бөлінді. 2018 жылы антивандалдық орындықтар мен жәшіктер орнатылып, ағаштар, бұтақтар мен гүлдер отырғызылды. Алайда жаңа саябақта да, елді мекеннің өзінде де бірде-бір шағын архитектуралық құрылыс болған емес. Сол кезде «Астананың он жылдығы» саябағында» атына заты зай бола алатын ескеркішті орнату идеясы туындады. Оған қоса, өткен жылы елордамыз 20 жылдығын атап өтті, сол себепті «Бәйтеректі» таңдадық», - деді Ардақ Тасқынбай.




11 метрлік «Бәйтерек» темір табақтардан, бұрыштар мен арматуралардан жасалған. Жобаның құны 4 млн теңгені құрады. Дегенмен, бұл сомаға «Бәйтеректі» орнату мен жарықтандырудан бөлек, саябақтың қақпалары мен қоршауын қайта қалпына келтіру, бояу жұмыстары кірді.

Елді мекен әкімінің айтуынша, соңғы 2-3 жыл ішінде ауылда күрделі өзгерістер болып жатыр. Бірақ жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, шешімін табуы тиіс мәселелер әлі де бар.

«Көкшетау қаласының Құрылыс бөлімі қазіргі таңда 160 орынға арналған Мәдениет үйінің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуде. Оның ішінде әмбебап спорттық және хореографиялық залдар, әртүрлі үйірме сыныптары, электрондық кітапхана болады деп жоспарланған. Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы елді мекенімізде отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысына бюджеттік өтінім беру үшін қажет құжаттарды дайындады. 2020 жылға жоспарларымыз өте көп», - деп сөзін түйіндеді А.Тасқынбай.





Басты сөздер: Ақмола облысы, Мәдениет, Аймақ,
Жоғары қарай