Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Ақмола облысында эстафета кезінде мектеп оқушысы көз жұмды

2019 жылдың 20 мамыр 2019 23:24 1580

КӨКШЕТАУ.  ҚазАқпарат -  Ақмола облысында әскери-спорттық ойындар бойынша жарыс кезінде 15 жастағы оқушы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Білім басқармасының мәліметінше, оқиға 17 мамыр күні сағат 12:30-да Бурабайдағы «Звездный» балаларды сауықтыру орталығында «Алау» облыстық әскери-спорттық ойындар эстафетасын өткізу кезінде болған.

«Эстафета кезінде Көкшетау қалалық №4 орта мектебінің 9-сынып оқушысы мәреге жетпей есінен танып құлады.  2003 жылғы жасөспірімге бірден алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін Щучинск қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Ол ауруханада ес жимастан сағат 13:01-де қайтыс болды», - деді өңірдің Білім басқармасынан.

Қазіргі кезде, оқиғаға байланысты Көкшетау қалалық білім бөлімі тексеріс жүргізуде. Сонымен қатар, құқыққорғау органдары тарапынан да тергеу шаралары қолға алынды.  

 

 

Жоғары қарай