Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Ақмола облысында иіс тиген 82 жастағы кейуана құтқарылды

2020 жылдың 3 қаңтар 2020 20:28

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында учаскелік инспектор иіс тиген 82 жастағы кейуананың өміріне араша түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, оқиға 2 қаңтарда Жақсы ауданының Киевское ауылында болған.

«Ауыл тұрғыны полицияға хабарласып, көрші тұрған екіпәтерлі тұрғын үйден түтіннің иісі шығып тұрғанын айтты. Оқиға орнына жеткен Жақсы аудандық ПБ учаскелік инспекторы аға лейтенант Азамат Әбдуахитов үй ішінде 82 жастағы қарияның барын анықтады. Түтіннің иісіне уланған кейуананың өздігінен қозғалуға мұршасы болмаған. Сондықтан, тәртіп сақшысы қарияны көтеріп сыртқа шығарып, көлігіне отырғызды. Медицина қызметкерлерін шақыртып, қарияны танысының үйіне жеткізді. Кейін арнайы қызмет мамандары келгенше қарияның көршісімен бірлесіп, өртті сөндірді»,- дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Оқиға, Ақмола облысы,
Жоғары қарай