Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
CNY 55.39

Ақмола облысында өрттен 2 адам көз жұмды

2019 жылдың 5 наурыз 2019 19:28 833

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Біржан сал ауданындағы тұрғын үйде болған өрттен 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша,  өрт 4 наурызда Баймырза ауылында болған.

«Тілсіз жауды ауыздықтауға аумақтық ТЖД жеке құрамынан 11 адам және 3 арнайы техника таратылды. Оқиға орнынан 2 адамның мәйіті табылды», - деп айтты ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік,  ведомствоның мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері облыс бойынша барлығы 173 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда, 5 оқиғаға аз.  Жыл басынан бері ТЖД қызметкерлері ПД,  жергілікті атқарушы органдар және еріктілермен бірлесіп,   56 627 ауланы аралап,  140 адамның қатысуымен 493 жиналыс өткізді.

 

 

Автор: Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай