Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Ақмола облысында пойыз 11 жылқыны қағып кетті

2020 жылдың 18 ақпан 2020 13:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола облысында пойыз 11 жылқыны қақты,-деп хабарлайды Polisia.kz.

«Петропавл-Қызылорда» бағытындағы жолаушылар пойызы түнде «Аршалы-Анар» бағытында келе жатып 11 бас жылқыны қағып кетті. Қазір аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, жылқылардың иесін анықтау бойынша іздестіру іс-шараларын жүрізілуде. Теміржол - аса қауіпті аймақ. Осыған қарай, көлік полициясы қараусыз қалған малдардың пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін тағы да ескертеді. Азаматтар үй жануарларын жаю ережелерін мүлтіксіз сақтауы және теміржол маңында олардың жүруіне жол бермеулері тиіс»,-делінген сайт жариялаған ақпаратта.

Сондай-ақ онда биылғы жылдың басынан бері пойыздарды шұғыл тежеудің 214 фактісі тіркелген. Олардың 130-дан астамы теміржол үстіне малдардың шығып кетуіне байланысты болған. Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері барлық фактілер бойынша мал иелерін әкімшілік жауапқа тарту үшін оларды анықтау шараларын жүргізіп жатыр.

Бүгінгі күні теміржол бойында мал жайған 70-тен аса тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды. Мәселен, ағымдағы жылдың 16 ақпанында сағат 01.38-де Нұр-Сұлтан станциясындағы желілік полиция басқармасына «Торғай- Селеті» аралығында жүк пойызының машинисті теміржолда үй жануарының жүруіне байланысты шұғыл тежеуді қолданғаны туралы хабарлама келіп түскен. Соған қарамастан ол 3 жылқыны қағып кеткен.


«Осы дерек бойынша оқиға орнына Ерейментау станциясындағы жергілікті полиция бөлімшесінің жедел-тергеу тобы шықты. Көлік полицейлерімен жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде жылқылардың иесі Ерейментау ауданының 42-жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 559-бабының 1 бөлігі, яғни, темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу әрекеті бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды»,-делінген хабарламада.



Басты сөздер: Көлік, Оқиға, Ақмола облысы,
Жоғары қарай