Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Ақмола облысында сот өкілдері «Үш би» Құрмет белгісімен марапатталды

2019 жылдың 8 наурыз 2019 20:24 1029

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Ақмола облыстық сотында қызмет істейтін бір топ ару ведомстволық наградалармен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шарада Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров сот жүйесінің ардагерлерін, судьялар ұжымы және Соттар әкімшісі қызметкерлерінің әйелдер қауымын мейраммен құттықтады. Нәзік жандардың қоғамдағы және өмірдегі рөлінің маңыздылығын, еңбегі мен жетістіктерін атай отырып, облыстық сот төрағасы қызметтік міндеттерін үлгілі әрі адал атқарғандары үшін ведомстволық наградаларымен марапаттады.

«Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің қаржы бөлімінің басшысы Гүлнәр Күлтемірова Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен, отставкадағы судьялар Гүлжихан Жалбырова, Қарлығаш Көшербаева, Жанна Күшікова, Клара Мырзахметова және Людмила Цибульская «Үш би» Құрмет белгісімен марапатталды.


null 

null 

null 

null 

null 

Сонымен қатар, судьялар Зауре Байбулова мен Айгүл Ақпанова, соттар әкімшісінің бас мамандары Арайлым Садықова, Әлия Қалиева, Сәуле Жұмабекова, Мағдалина Биләлова, Ғайша Ауаририна, Гүлнәр Ахметова және Райхан Барболова ҚР Судьялар Одағының Құрмет грамотасына, отставкадағы судьялар Галина Былқылова, Бөпе Салдина, судьялар Ғалия Бақтығұлова, Айнагүл Аймұрзинова, Айсұлу Мамилянова, кеңсе меңгерушісі Дана Қасымова, Соттар әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Күләш Домалақова және Әлия Бегенбаева, Соттар әкімшісінің мамандары Айна Қожахметова, Балжан Оспанова, Динара Жакиенова және Үміт Кәкімова ҚР Судьялар Одағының Алғыс хатына ие болды.

Ал, Ақмола облыстық соты төрағасының Алғыс хаттарымен Соттар әкімшісінің қызметкерлері Назгүл Ұстажанова, Айымгүл Әубәкірова, Мадина Гудантова, Нұргүл Құттыбаева, Гүлдерай Омарова, Замира Ашмадъярова, Жәния Қасенова, Бәтима Қасқарова және Алмагүл Мырзахметова марапатталды», дейді ведомстводан.

Әйелдер мерекесіне арналған шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Осы салтанатты шарада Егіндікөл аудандық сотының судьясы Азамат Аушахимов «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл» мерейтойлық төсбелгісі тапсырылды.



null 

null 

 

Автор: Аслан Оспанов
Басты сөздер: Қоғам, Ақмола облысы, Сот,
Жоғары қарай