Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Ақмола облысында Зеренді курорттық аймағын дамыту бағдарламасы әзірленуде

2019 жылдың 20 мамыр 2019 03:19 600

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат -  Ақмола облысында Зеренді курортты аймағын дамыту бойынша бағдарлама әзірленуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Зерендi ауданында болып, туризм, бiлiм беру, денсаулық сақтау және өндiрiстiк кәсiпорындардың жұмысымен танысты. Ол сондай-ақ егiс жұмыстарының барысына назар аударды.

«Ұмай жер» ЖШС-ның егiстiк алқабында ауылшаруашылық құрылымдары мен ауылдық округ әкiмдерiнiң қатысуымен өткен кездесуде агроөнеркәсiп саласына қатысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, саладағы еңбек өнiмдiлiгiн арттыру мүмкiндiктерi, тұқым сатып алуды субсидиялаудың жаңа ережелерi, жоғары өнiмдi техникамен және жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мен өзге де сұрақтар көтерілді.




Зерендi ауданының әкiмi Берiкжан Әбутәлiпов айтып өткендей, 250 мың гектардан асатын жазғы егiстiң жалпы алаңынан 12 пайызы егiлдi. 66 гектардан астам жерге биыл майлы дақылдар егiледi, бұл өткен жылғыдан 5 мың гектарға көп. Өсiмдiк шаруашылығы саласын әртараптандыруда еңбек өнiмдiлiгiн арттыру үшiн үлкен мүмкiндiктер жатыр.

Ермек Маржықпаев дикандардың назарын егiн қызметкерлерiнiң жақсы жалақысына, оның уақытылы төленiп тұруына назар аударды.

Зерендi ауданында өнеркәсiп өндiрiсiн дамыту үшiн жақсы әлеует бар. Осында «Алексеевка» каолиндар кен орнының базасында «Arai Pro» ЖШС-ның тау-кен байыту комбинаты құрылысының жобасы iске асуда.




ЖШС басшысы Тимур Әбiловтiң сөздерi бойынша, кәсiпорын жоғары сапалы каолин-шикiзатын өндiрiп, сатады. Бұл өнiм ыстыққа төзiмдi кiрпiш, фаянс, қышқақ бұйымдарын, құрылыстық керамика мен ақ кiрпiш жасауда қолданылады. Каолин шикiзатының қорлары мен сапасы бойынша Алексеевка кен орны әлемдегi бiрден-бiр кенi болып саналады.

Облыс әкiмi серіктестік басшысынан жобаның аяқталу мерзiмдерi, өнiмдi өткiзу нарқы, құрылатын жұмыс орындары туралы сұрап білді.

«2019 жылдың аяғына жоспарланған байыту фабрикасының пайдалануға енгiзiлуiнен кейiн, өнiм ассортиментi кеңейтiледi. Каолин шикiзатынан басқа онда қағаз, фармацевтика, фарфор, керамика өнеркәсiбiнiң қажеттiлiктерi үшiн жоғары сапалы каолин концентраты, сондай-ақ жанама өнiм ретiнде кварц құмы ұсынылады. Каолин концентраты Қазақстанның және шет елдердiң кәсiпорындарына жеткiзiледi. Комбината жүзден кем емес жұмыс орындары құрылады, олардың iшiнде жергiлiктi тұрғындарғабасымдық берiледi» - деп түсiндiрдi Тимур Әбiлов.




Сонымен бiрге, облыс әкiмi майлы дақылдарды қайта өндiрумен айналысатын «Blic Terminal» ЖШС-ның қызметiмен танысты. Май зауытының өндiрiстiк қуаттылығы - жылына 12 мың тонна май. Тәулiгiне 60 мың тоннаға дейiн өнiм беретiн диiрмен кешенi бар. Осында бройлерлiк құс фабрикасы салынуда, ағымдағы жылдың шiлде айында ашылып, өз қуаттылықтарын ұлғайта бередi.

Бiр жылдары жылумен қамту мәселесi күрделi болған Гранитный кентi өткен жылу беру маусымынан жаңа блокты-модульдық қазандықтың арқасында ойдағыдай өттi. Осымен бiрге, Гранитный кентi тұрғындарының айтуы бойынша, шешiмiн таппаған коммуналдық проблемалар әлi де бар. Мысалы, жергiлiктi кәсiпорынның балансындағы кәрiз жүйесi, ауыл iшiндегi жолдардың жағдайы нашар, тұрмыстық қоқыс төмен деңгейде шығарылады.




Ермек Маржықпаев аудан әкiмi Берiкжан Әбутәлiповке бұл елдi мекеннiң күрделi мәселелерiн терең зерттеп, шешу жолдарын табуды тапсырды.

Зерендi ауданында туризмдi дамыту перспективалары туралы осы саладағы бизнес өкiлдерiмен көлдiң жағасында орналасқан жаңа «Зерендi Парк» демалыс үйiнде талқыланды.

«Өңiрiмiзде «Ауыл - ел бесiгi» жобасы iске асырылып жатыр, оның аясында туристiк кластердiң дамуына ерекше назар аударылады. Оған үш аудан орталығы енгiзiлдi - Аршалы, Зерендi және Астрахан. 2,8 млрд теңге бөлiндi, бұл соманың жартысына жақыны Зерендi ауданына көзделiп отыр. Ең бастысы, бiз инфрақұрылымды жақсартамыз, жолдарды жөндеймiз, олардың 25 километрi тек Зерендiнiң iшiнде ғана. Жаңа тротуарлар, жарықтандыру, рекреациялық аймақтар және басқа да объектiлер салынады. Табиғатымыз жақсы, бұны дұрыс пайдалана бiлуiмiз керек», - деп атап өттi Ермек Маржықпаев.



Өңiр басшысы облыста Щучинск-Бурабай курорттық аймағына ұқсас Зерендi курорттық аймағын дамыту бойынша жеке бағдарлама дайындалып жатқанын айтты. Сонымен бiрге, жуырда Зерендi ауданында туризм бойынша кеңес құрылды. Бизнесмендердiң тiкелей қатысуымен туризмдi дамытудың жол картасы әзiрленiп, оған 16 млрд теңге сомасына 40 iс-шара енгiзiлдi.



Зерендi ауылында Ермек Маржықпаев 21 пәтерлi тұрғын үйдiң құрылыс алаңында, аудандық емханада, «Aurora Garden», «Ақ Данат» туристiк объектiлерiнде болды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыс басшысы аудан әкiмдiгiне әлеуметтiк, өндiрiстiк және туристiк салаларды дамыту бойынша бiрқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

 

 

Жоғары қарай