Ауа райы
Нұр-Сұлтан 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Ақмола полицейлері пагондағы аруларға құрмет көрсетті

2019 жылдың 8 наурыз 2019 22:51 906

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысының полицейлері нәзік жанды әріптестерін 8-ші Наурыз- Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда Ақмола облысының ПД барлық бөлімшелерінде әйелдер табысты ең етуде. Ерлермен қатар,  нәзік жандар тергеуші, кинолог, криминалист, жедел уәкіл және ювеналды полицияда жұмыс істейді.

«Бүгінгі күні Ақмола полициясында 300-ден астам нәзік жан қызмет етеді. Мерекеге орай салтанатты шара өтіп, қызметте көзге түскен аруларға құрмет көрсетілді. Қызметте жоғары нәтиже көрсеткен ең үздіктері ведомстволық наградалармен марапатталды», дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Салтанатты шарада Ақмола облысы полиция департаментінің басшысы,  полиция полковнигі Ержан Сәденов құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар,  шарада ішкі істер органдарының ардагерлері-әйелдер, қызметтік міндетін орындау кезінде қаза болған полицейлердің жесірлері мен аналарына құрмет көрсетілді.

Мерекелік шара департаменттің шығармашылық ұжымының орындауындағы концертік бағдарлама мен Ш.Құсайынов  атындағы Ақмола облыстық қазақ драма театры әртістерінің қойылымына ұласты.



 

 

Автор: Аслан Оспанов
Басты сөздер: Қоғам, Ақмола облысы,
Жоғары қарай