Ауа райы
Нұр-Сұлтан 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

«Ақмола жұлдыздары» байқауының жүлдегерлері автокөлік мінді

2019 жылдың 24 мамыр 2019 00:02 1007

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Жастар жылы және Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің күніне орай «Ақмола жұлдыздары» облыстық халық шығармашылығы байқауының гала-концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға аймақ басшысы  басшысы Ермек Маржықпаев қатысып, үздік өнері мен шығармашылық жетістікке қол жеткізген сала қызметкерлерін құттықтады.

«Біздің өңір әрқашанда өзінің бай мәдени мұрасымен және дарындарымен даңқты. Мәденит саласының қызметкерлері мен ардагерлері еліміздің гүлденуі мен дамуына, адамгершілік пен ізгілік құндылықтарды сақтауға өлшеусіз үлес қосуда», - деді Ермек Маржықпаев сөзінде.



nullОблыста «Ақмола жұлдыздары» байқауын өткізу дәстүрге айналған. Онда өнерпаз, әншілер мен бишілердің қатары жыл сайын жаңа дарындардың есімімен толыға түсіп, облыстың шығармашылық өмірінің дамуына үлес қосуда. Биылғы өнер додасына облыстың 211 ауылдық округінен 50 мыңнан астам адам қатысып отыр.  110 жаңа шығармашылық ұжым мен 151 жаңа әнші анықталды.

Шарада 60-тан астам мәдениет саласы мен шығармашылық интеллегенция өкілдері «Еңбек ардагері» медалі, «Үздік өлкетанушы» мен «Мәдениет саласының үздігі» төс белгілері және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Олардың арасында Ақмола облыстық орыс драма театрының әртісі Виктор Крылов, ақын сазгер Иран Тасқара, Астарахан аудандық мәдениет үйінің жетекшісі Светлана Песоцкая, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «Гәкку» би ансамблінің балетмейстері Гүлмира Ордабаева бар.

«Ақмола жұлдыздары» облыстық байқауының қорытындысы бойынша үздік шығармашылық жетістіктері үшін Степногорск, Бурабай және Аршалы аудандары бірінші орынға ие болды. Оларға облыс әкімі дыбыс жазу аппаратурасын сыйлады. Ал, гран-при жүлдесіне Көкшетау, Есіл және Целиноград аудандарының шығармашылық ұжымдары лайық танылып, автокөлікке ие болды.

Айта кетейік, облыста 257 клуб, 370 кітапхана, 11 мұражай, 2 театр, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола областық филармониясы,  облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы жұмыс істейді. Соңғы 3 жыл ішінде мәдениет саласында 46 нысан жөнделді.  Биылғы жылы 7 нысанға жөндеу жұмыстары жоспарланған. Қазіргі кезде, облыстық екі мұражай қалпына келтірілуде. Сондай-ақ, «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламасы шеңберінде Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай және Кенесары сияқты ұлы тұлғаларға ескерткіш орнату жобасы жүзеге асырылуда.

 

 

Автор: Аслан Оспанов
Басты сөздер: Мәдениет, Ақмола облысы,
Жоғары қарай